Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2793 0 пікір 9 Мамыр, 2011 сағат 23:04

Серік Жүсіп. Көпдінділік идеясы кімге тиімді?

Көпдінділік идеясы, ең бастысы, бүгінгі билікке ұнайды.

Көпдінділік  -  қолында билігі барларға сыбайлас жемқорлыққа жол ашудың бір жолы есебінде ұнайды. Себебі, көпдінділік идеясы «Құдайдан қорықпайтындардың»  санын арттырады.

Көпдінділік  -  қазақстандық патриотшылдық деген жалаңсөзділікті көбейтіп, бірақ іс жүзінде түк істемеуге жақсы.

Енді осы тұжырымдарымызды тарқатып көрелік. Шын мәнінде елдегі басты дінді  -  исламды көпшілік халықтың діні деп, христиан дінін билікке одақ бола алатын екінші дін деп атау билікке ұнамайды. Билікке  -  көпдінділікті уағыздау тиімді. Ұлтты, елді біріктіріп отырған, мемлекеттің өзегі болып отырған, он ғасырдан астам уақыт Қазақ елі ұстанып келе жатқан ислам дінінің жағымды бейнесін көрсету бүгінгі билік үшін қылмыспен тең сияқты.

Кеңес заманында дін-апиын деп аталып, ислам діні  -  қараңғылықтың, мешеуліктің белгісі деп көрсетіліп келген болса, бүгінгі  ел билігі ислам дінін терроризмнің, діни экстремизмнің шығатын ортасы деген образды жасауға бұрып келе жатқан сияқты. Күн құрғатпай орыстілді ақпарат құралдары ислам діні өкілдерінің қатысуымен болыпты деген қылмыс оқиғаларын ерекше тәптіштеп (Солтүстік Кавказда 4 мұсылман қазақстандықтың ұсталуы, Алматыдағы 3-і шағын ауданда «діни экстремистермен» болған атыс деген сияқты) беріп жатады.

Елімізде ежелден келе жатқан қазақы кеңшілдік, қонақжайлылық, мейірбандық бар. Ұлтаралық, дінаралық тыныштық, ынтымақтастық қалыптасқан. Бөтен ұлтты, дін өкілін кемсітушілік болған емес. Осыншама жақсы қасиеттерді бойына жинақтауға қазақ халқына мұсылманшылықтың ешқандай оң әсері болмады деп айтуға болады ма? «Мұсылманшылық» деген ұғымның халқымыз үшін әрқашан қасиетті сөз болғаны, осы сөзге тоқтап, осы сөзбен киелі, қасиетті істерді атқарғаны белгілі. Әлі де осы қасиетті ұғымды сыйлайтын, соған тоқтайтын халықпыз.

....Облыс орталығындағы алаңда жеңіс күніне арналған көп адам жиналған жиын өтіп жатыр. Облыс әкімі мінбеде сөйлеп тұр. Бірақ, оған құлақ салып тұрған көпшілік жоқ. Күбір-күбір әңгіме, әрлі-берлі  жүріс-тұрыс. Бір кезде жұрт алдына молда шығып дұға оқығанда халық сілті салғандай тына қалды. Бәрі де тізе бүгіп отыра қалды, мұсылман еместер де. Сонда мұншама халықты бір сәтке бағындырған қандай күш, қандай идея, қандай құдірет? Бұл құдіреттің аты  -  ғасырлар бойы бір дінге мойынсұнған, бір ділді бойына сіңдірген  мұсылманшылық Сенім. Сенімі мықты адам ешкім көріп тұрмаса да қабір басында, мешіт үйінде, әруақтың белгісінде, Құранға байланысты іс кезінде жаман сөз айтпайды, жаман әрекет жасамайды. Себебі ол менің істегенімді Құдай көріп тұр дейді. Құдайдан қорқатын адамда «бұлай істеуге болмайды» деген  ТИЫМ бар. Осындай ТИЫМ ұстанғандар көп болса, соны ұстанушылар ел басқарушылардың арасында көп болса қаншалықты заманымыз жақсы, ел басқару жеңілденіп, қылмыс азаяр еді?!

Ал біздің ел басындағы басқарушыларымыз өздері үлгі көрсетіп ғасырлар бойы ата-бабамыз ұстанған дін сенімін «дін бостандығына», заң мен демократияны желеу етіп оп-оңай    ауыстырып жатқандарын көріп отырған жоқпыз ба?!  Оларда ТИЫМ бар ма? Жоқ. Мұндай сенім бостандығы оларға не үшін керек, бұл бостандық оларға қандай жол ашады? Құдайдан қорықпауға, сыбайлас жемқорлыққа, әділетсіздікке жол ашып отыр.

Ел басшылығының іс бағытындағы исламның жағымды образын жасаудың орнына БАҚ арқылы оның көлеңкелі жағын табуға  жұмыс жасап жатқанын қалай бағалауға болады? Осындай бағыт ұстанған билік  мұсылмандық ұстанушылар тарапынан жаппай қолдау табады деуге бола ма? Әрине, жоқ. Он төрт ғасырлық тарихы бар мұсылманшылықты жүздеген мүшелері бар секталармен теңестірген үкімет исламды өзіне одақ ете ала ма? Жоқ.

Биліктің ұраны  -  ұлттар достығы, діндерге кеңшілік пен төзімділік саясатының дұрыс екеніне дау жоқ. Бірақ, солай ете тұра биліктің ислам дінін, оның қолдаушыларын басқа дін өкілдеріне қарсы қою, мұсылмандармен қорқыту саясатын ұстанып бара жатыр ма деген ойымыз бар. Бұған да мысалдар жеткілікті. Биліктің ұстанымында мұсылман қылмыскердің ісіне баға бере қалса, әуелі оның діни белгілеріне баса назар аудару жиі орын алып барады. Құқық қорғау қызметкерлері ұсталған айыпты адамдар жөнінде хабар таратқан кезде оның мұсылмандық белгілерін (медреседе немесе дін оқу орнында білім алғандығын, үйінен немесе қалтасынан Құран  немесе діни қалта кітапшаларының болуы сияқты) бірінші айқайлап айтып көрсетуге мүдделі болып бара жатқандары байқалады. Оларға салсақ, кез келген адамның қалтасында, сөмкесінде діни кітапшалардың, аят сүрелерінің жүруі, медреседен білім алуы оның діни экстремизмшілдігінің дәлелі болғаны ма?! Осы жағдайды әсіресе орыстілді ақпарат құралдары сөз бостандығын желеу етіп жамырап жариялауға әуестік танытуда. Адамның діни ұстанымын оның қылмысынан бұрын айқайлап жариялау талай рет орын алып, тергеу біткен соң ол адамның жасаған қылмысына діни көзқарасының еш қатысы жоқтығы талай рет анықталды. Бірақ, оның бәрі кеш. Бүкіл елге «діни экстремизмге қатысы бар болуы мүмкін» деген мұсылманшылықты қаралаған жорамал жайылып болған соң барып, ақиқат ашылады.

Сөз соңында, мемлекетіміз ұстанып отырған ұлттар достығы, ұлттар бірлігі мен діни төзімділік саясатының дұрыстығын қолдай отырып, бұл бағытта ынтымақ пен бірлікті сақтауға ислам дінінің, мұсылманшылықтың орасан зор ықпалын, әсерін айтудан билік неге қорқады деген сұрақ туындайды.

Қазақ, өзбек, татар, ұйғыр, түрік сияқты толып жатқан елдегі мұсылмандардың өзара  діни ынтымақтастығын, ауыз бірлігін де айту  -  мемлекет саясаты үшін неге өте қатаң түрде тиым салынған тақырып болып отыр деген тағы бір сұрақ  туындайды.

Айналып келгенде, әңгімеміздің басында қойылған  -  көпдінділік идеясы кімге ұнайды деген сұрақ төңірегінде   айтылған тұжырымдарға үкімет нақты жауап бергенде ғана  бұл мәселе айқындалатын болар.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1717
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1686
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1414
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1339