Жұма, 17 Мамыр 2024
46 - сөз 3882 0 пікір 17 Қаңтар, 2019 сағат 10:02

Құрбан

Бұрнағы заманда адамдар аңшылыққа аштықтан, мұқтаждықтан шығатын. Қазіргі кезде тоқтықтан, еріккендіктен, зеріккендіктен шығатын болды.

Бұрын аңшылық кедей-кепшіктің тірлігі еді. Бүгінде мейманасы тасыған, енін уқалаудың өзі қызық болмай қалған еріккен сарттардың ермегі болды. Бұрынғының мергендері бір өзі бір елді асыраған. Сөйте тұра аңның киелісін атпаған. Бүгінгілер аңыңды ұрып қойыпты, адам ата бастады...

Адамның көзіне ет өседі. Оны сылып тастаудың арнайы, нақты бағасы бар. Адамның көзін шел басады. Оның ашылуының құны нақтыланбаған...
Мылтықты қолданудағы басты мақсат - отаныңды жаудан қорғау еді. Бүгінде отандасыңды ататын қаруға айналды. 

Сайындалада екі адам кезікті. Оның бірі табиғатты қорғау үшін амалсыздан бала-шағасынан жырақ кетіп, түн қатып, түс қашып жүрсе, екіншісі еріккеннен, зеріккеннен ермек қуып келіп еді. Екеуі де мылтық кезенді. Біріншісі табиғатты қорғау үшін, екіншісі өзінің қара басын қорғау үшін. Тағдыр дегеніңіздің де кейде өстіп тарылмайтын жерде тарылатыны бар. Табиғатты қорғамақ болған ізгі ниеттінің мылтығы атылмай, қара ниеттінің оғы дәл тиді. 

Біріншісін Алла алдынан жарылқасын. Мына заманда құрбандыққа бара алатын адамдардың бар екенін дәлелдеп бере алған ағамыздың жаны жәннәтта болғай.

Бейбіт Сарыбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624