Жексенбі, 5 Мамыр 2024
46 - сөз 4268 26 пікір 10 Қаңтар, 2019 сағат 11:06

Бекзат туралы киноның 19 жылда түсіріліп бітпеуі ұят!

Ақан Сатаев Серік Сәпиев туралы кино түсіретін болып, оған актер іздеп жатыр ғой. Бірақ әуелі Бекзат туралы кино түсіріліп бітуі керек еді. Өткенде Бекзат туралы сериал шығайын деп жатыр деді. Бірақ Бекзат туралы киноның толғағы пісіп-жетілмей жатқанына қанша уақыт... Бекзат туралы кино түсіру үшін Бекзат тірі болып, парламентте депутат боп отыруы керек пе?

Бекзат қаншама жасөспірімге үлгі болатын тұлға еді. Оның өмірі киноға сұранып тұр. Сол киноға Бекзаттың гитарамен ән салатыны, домбыра шертетіні, география пәнін қызыға оқитыны, гүлді жақсы көретіні де қосылса жақсы еді.

Мысалы, Сатаев көше арасындағы төбелес туралы кино да түсірді ғой. Көше арасындағы төбелестің көкесін сол Бекзаттар көрген шығар. Түркістанның ана басы мен мына басына жаттығуға жүгіріп барып келуі де жасөскінге үлгі болар еді. Бекзат арқылы тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы қазақ отбасыларының, қоғамының қиын жағдайын да көрсетуге болар еді. Әттең, қайда кетпей жатқан ақша Бекзатқа келгенде жетпей-ақ қойды.

Егер Сәпиев "Бекзаттың киносы түсірілмей, мен туралы кино шыққанын қаламаймын" десе, сең қозғалар ма еді. Шіркін-ай, қазақтың жігіттері бір-бірін қолдап жүрсе ғой дейсің. 

19 жылда Бекзат туралы киноның түсіріліп бітпеуі ұят қой, былай қарасаң. Осы америкалықтар, үндістер жылт еткен спортшысы шықса, ол туралы керемет кино түсіріп тастайды. Аузың ашылып отырып көресің. Оны көрген бала спортпен қалай айнылыспасын?! Ал бізде болмағыр комедияларды түсіріп, қазақ киносын дамытып жатырмыз дейді. Ішінде сабақ алар түк болмаса да кинотеатрға барып көреміз. Өмірі дайын кино адамдар туралы кино түсіруге келгенде қурап қаламыз!

Жадыра Нармаханова

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1245
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1136
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 880
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1018