Сенбі, 4 Мамыр 2024
3396 0 пікір 10 Қаңтар, 2019 сағат 10:20

Астана Сириядан Қазақстанның 47 азаматы қайтарылғанын мәлімдеді

Сириядан Қазақстанның 47 азаматы, оның ішінде 30 бала мен 11 әйел эвакуацияланды. Бұл туралы 9 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорданың ресми сайтында жарияланған видеода президент Нұрсұлтан Назарбаев 6 қаңтарда қазақстандық құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық операция барысында 47 азаматтың Сириядан елге жеткізілгенін айтады.

"Олар кезінде дағдарыс орнаған елге алданып барып, терроршылар тұтқынына түсіп қалған. Біраз адамдар алданып Сирияға барды да, көпшілігі соғыс кезінде қайтыс болды. Бұл кісілер Қазақстанға оралған соң бір ай біздің жағдайға үйреніп, медициналық бақылаудан өтеді" деді Қазақстан президенті.

Назарбаев Қазақстан қақтығыс аймағында еріксіз жүрген азаматтарды, әсіресе балаларды қайтару жұмыстарын жалғастыра беретінін айтады.

2018 жылы шілде айында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге тарта қазақстандық кеткенін хабарлаған. Комитет Сирия мен Ирактағы халықаралық террорлық ұйымдарда 120 ер адам, 250-ден астам әйел және 500 бала барын айтқан.

Былтыр наурызда ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Сириядан 125 қазақстандықтың оралғанын, 57 адамның қамауда отырғанын, қалғандарының бақылауда екенін айтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1152
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1054
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 786
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 911