Сенбі, 4 Мамыр 2024
3394 0 пікір 10 Қаңтар, 2019 сағат 10:19

СССР Жоғарғы кеңесінің соңғы төрағасы болған Лукьянов өмірден озды

Мәскеуде СССР Жоғарғы кеңесінің соңғы төрағасы болған Анатолий Лукьянов 88 жасында өмірден озды. Бұл жөнінде РБК агенттігіне оның қызы Елена Лукьянова хабарлаған. Оның сөзінше, әкесі ауыр науқастан қайтқан.

Анатолий Лукьянов 1930 жылы Смоленскіде туған. Еңбек жолын 1943 жылы қорғаныс зауытынан бастаған. 1953 жылы МГУ-дің заң факультетін аяқтағаннан кейін үкімет құрылымдарында жұмыс істеген. 1961 жылы СССР Жоғарғы кеңесі президиумы аппаратында саяси мансабын бастаған.

1990 жылы Михаил Горбачев СССР президенті болып сайланғаннан кейін, Лукьянов Жоғарғы кеңестің төрағасы болған. 1991 жылы әйгілі ГКЧП құруға қатысып, кейін қамауға алынады.

1994 жылы ол рақымшылықпен бостандыққа шығады. 1994- 2000 жылдар аралығында Лукьянов РФ Коммунистік партиясы Орталық комитетінің президиум мүшесі болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1035
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 909
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 681
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 761