Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2817 0 пікір 5 Мамыр, 2011 сағат 08:00

Ө. Жәнібековтың туғанына 80 жыл толуына байланысты арнайы тұлғатану шаралары ұйымдастырылса игі - Қ. Сұлтанов

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысының сенатор Қуаныш Сұлтанов Үкімет басшысының атына сауал жолдады.

Онда депутат қазақтың ардақты біртуар азаматы Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 80 жыл толуына байланысты мерейтойды өз деңгейінде атап өту мәселесін көтерді.

«Биыл көрнекті мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткері, ғалым этнограф, тарихшы, ұлтымыздың ұйытқысына айналған, қазақтың ардақты біртуар азаматы Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 80 жыл толады. Өзбекәлі Жәнібековтың кім екендігін, оның өз Отанына, ұлтына, халқына, әсіресе, ұлттық мәдениетімізге сіңірген қажырлы еңбегін Сізге айтып жатудың өзі артық болар. Бірақ, бүгінгі қоғамға, әсіресе келешек ұрпаққа Ө.Жәнібековтың ұлт тағдыры үшін жасаған игілікті істерін, туған халқының келешегіне деген қамқорлығын, Отанына сүйіспеншілігін, азаматтық болмысын жастардың санасына жеткізу, оның тарихи тұлғалығын марапаттау қажет-ақ. Бұл мәселелер БАҚ-тарда көтеріліп, әртүрлі мәдениет қайраткерлері пікірлерін айтып жүр. Осы орайда, Ө.Жәнібековтың 80 жылдық мерейтойын өз деңгейінде өткізу мақсатында арнайы тұлғатану шаралары ұйымдастырылса игі», - деді сенатор. Осы ретте Қ. Сұлтанов, аталған шараға Үкімет тарапынан мән берілуі, Астана мен туған жері - Отырарда арнайы ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылуы керектігін де атап өтті. «Сонымен қатар Ө.Жәнібековтың шығармашылық мұрасын жүйелеп, жинағын жарыққа шығару, ол туралы естелік кітап шығару жүзеге асырылса игі болар еді», - деді ол.

0 пікір