Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3050 3 пікір 13 Желтоқсан, 2018 сағат 13:38

«Хабар» арнасында «Отверженные» телесериалы көрсетіледі

«Хабар» телеарнасы «Отверженные» британдық телесериалын көрсету құқын сатып алды.

«Отверженные» сериалы «Хабар» арнасында британиямен қатар көрсетіледі. Картина әр дүйсенбі 21.30-да көрсетіледі.

6 бөлімді драма - Виктор Гюгоның танымал романының желісі бойынша түсірілген және «BBC One» телеарнасында көрсетіледі.

Телесериалда XIX ғасырдың басындағы оқиғалар суреттеледі. Жан Вальжан – нан ұрлап сотталған қашқын. Ол ұзақ жылдардан бері полиция инспекторы Жаверден тығылып жүреді.  Жавер болса заңның әділдігіне сенеді, сондықтан қашқынды тұтқындау өмірінің басты ісі деп есептейді. Сонымен қатар Жан Вальжан  үшін маңызды адамдардың бірі - Фантина есімді әйелдің қайғылы тағдыры да баяндалады. Оның некесіз туған Козетта есімді қызы бар. Фантина көз жұмған соң Жан Вальжан Козеттаны өз баласындай тәрбиелейді. Оқиға 1832 жылы Париж қаласында өткен Маусымдағы көтеріліспен дами түседі.        

Картина режиссері - Том Шенклэнд. Сценарийін Л.Н.Толстойдың романы желісімен түсірілген «Соғыс және бейбітшілік» сериалының сценарийін жазған Эндрю Дэвис жазды.

Жан Вальжанның рөлін Доминик Уэст, инспектор Жавердің рөлін  Дэвид Ойелоуо, Фантинаны Лили Коллинз сомдайды.

Доминик Уэст – екі рет «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылған, ол көрерменге «300 спартанцев», «Ганнибал: Восхождение»,  сондай-ақ «Прослушка» сериалдары арқылы таныс.

Дэвид Ойелоуо – Британия империясы орденінің офицері. «Сельма» фильміндегі Мартин Лютердің рөлі үшін «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылған. «Восстание планеты обезьян», «Прислуга», «Соединенное королевство» және басқа картиналарда ойнады.

Лили Коллинз - «Без правил» фильміндегі рөлі үшін «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылған. «Окча», «Белоснежка: Месть гномов», «С любовью, Рози» және басқа фильмдер арқылы таныс.

Сондай-ақ сериалда Адиль Ахтар (Тенардье мырза), Оливия Колман (Тенардье ханым), Элли Бамбер (Козетта), Джош О’Коннор (Мариус) және Эрин Келлиман (Эпонина) ойнайды.

«Отверженные» романының негізінде бірнеше рет кинолар түсіріліп, спектальдер қойылды. 2012 жылы түсірілген фильмнен айырмашылығы сериалда әуендер болмайды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 465
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 244
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 272
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 264