Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 4036 6 пікір 12 Желтоқсан, 2018 сағат 09:50

Спорттағы қандастарымыздың жат ағымдарға ілескендері жетерлік

"Спорттағы қандастарымыздың жат ағымдарға ілескендері жетерлік. Ауыр болса да, осыны мойындамасқа амалымыз жоқ. Бәрі де ренжулі, өкпелі жігіттер. Бір нәрсені дәлелдей алмай жүрген, істей алмай мазасы қашқан жігіттер.

Есі дұрыс, өзіне сенімді азамат ешқашан ағымның есігін ашпайды немесе қақпайды.

Рас, Ханафи мәзһабын ұстанатын жігіттер де көп. Бірақ менің білуімше, жат ағымдықтар қармағына түсіретін жанды алдайтын көрінеді, қызықтыратын сияқты, қатарларына тарту үшін ештеңеден тайынбайтын сияқты.

Ертерек өкініп, дұрыс жолын тауып жатқандарда бар. Алайда, беті бері қарамайтындар да аз емес. Олардың бәрі – әлсіздер!

Дұрысы, төл дініміздің жолымен, ата-бабаларымыздың өсиетімен, қалып келе жатқан тариxи кұндылықтарымызды жоғалтпай жүрген абзал. Арабтың немесе парсының дәстүрі мен сөзін бізге әкелудің түк те керегі жоқ деп есептеймін жеке оз басым. Өзіміздің түбі терен, керемет тариxымыздың барында, атадан-балаға келе жатқан үзілмеген, ұлттық салт-дәстүріміз бен ана сүтімен келген, ғажайып осындай өз ана тіліміз барында, бізге ешкімге еліктеудің керегі жоқ.

Бахтияр Артаев, олимпиада чемпионы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1068
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 956
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 706
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 807