Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3620 0 пікір 29 Сәуір, 2011 сағат 00:13

Самбодан БҚО ІІД чемпионаты ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды

ОРАЛ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған самбодан батысқазақстандық полиция қызметкерлерінің дәстүрлі чемпионаты мәреге жетті.

Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен Гүлжан Қанатованың хабарлағанындай, жарыс қорытындысында жалпыкомандалық есепте Орал қалалық ішкі істер басқармасы жеңімпаз атанды. Жол полициясы - екінші, ІІД аппараты қызметкерлері командалық үшінші орынды иеленді.

Жеңіс тұғырына көтерілгендердің бәрі дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

0 пікір