Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Билік 3434 0 пікір 9 Қараша, 2018 сағат 21:18

Балалардың әл-ауқат индексін әзірлеу және енгізу бойынша дөңгелек үстел өтті

"Қазжол" қонақ үйінің Конференц-залында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының орынбасары М. С. Әбдікәрімнің төрағалығымен Комитет және "САНДЖ" зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы балалардың әл-ауқат индексін әзірлеу және енгізу бойынша дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат

Дөңгелек үстел жұмысына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында "САНДЖ" зерттеу орталығының өкілдері халықаралық тәжірибені, есептеу әдістемесін және оны елде өлшеу қажеттігін көрсетті.

Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) бала құқықтарын мониторингілеу жөніндегі кеңесшісі Ж. Н. Сағымбаева жергілікті деңгейде балалардың әл-ауқатының мониторингі жүйесін қолдану мүмкіндіктері туралы баяндады (Маңғыстау облысы мысалында).

Сондай-ақ дөңгелек үстелде Индексті өлшеу әдістемесі мен енгізудің болжамды кезеңдері талқыланды.

Дөңгелек үстел балалардың әл-ауқат индексінің тұсаукесерлерін конструктивті талқылаумен аяқталды.

Төрағаның орынбасары атап өткендей, индекстің көрсеткіштері дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенде пысықталады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша "САНДЖ" зерттеу орталығының қызметкерлері барлық қатысушыларға балалардың әл-ауқаты индексін есептеу әдістемесі, көрсеткіштерді іріктеу принциптері мен әдістері бойынша семинар өткізді.

Abai.kz

0 пікір