Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Билік 2721 0 пікір 5 Желтоқсан, 2018 сағат 20:42

Сенат депутаты балалардың құқығын қорғау мәселелері бойынша қабылдау өткізді

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Ақмола облыстарының азаматтарын балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша видеоконференц байланыс тәртібінде қабылдау өткізді. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Сенатордың төрағалығымен өткен азаматтарды қабылдауға Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер, Қоғамдық даму, Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері әкім орынбасарлары, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер басқармаларының басшылары, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қабылдауында 20-дан астам азаматтардың балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне көмек көрсету жөніндегі өтініштерін қарастырылды.

Балалардың сапалы білім алу құқығы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлық және қорғаншылық орнату, денсаулық сақтауға құқығы, балалар үйінің түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, ата-анасының ажырасуындағы балалардың тұрғылықты жерін анықтау және олармен қарым-қатынас жасау тәртібі және т. б. өзекті мәселелер аса өткір талқыланды.

Азаматтардың барлық өтініштерін ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл мүдделі органдармен бірлесе отырып оң шешті.

Сонымен қатар, Қызылорда және Маңғыстау облысының әкімдіктеріне үш өтініш берушіге  заң жөнінде, оңалту және гуманитарлық кеңес көрсету мәселелері бойынша қажетті көмек көрсетуді ұсынды.

ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.М.Айтпаева  видеоконференц байланыс барысында жергілікті атқарушы органдардың назарын халық арасында қажетті ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізуге, медициналық көмек көрсету, балалардың құқықтарын қорғау және отбасылық проблемалардың айқындығы мәселелеріне ерекше аударды.

Abai.kz

0 пікір