Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 4207 2 пікір 6 Желтоқсан, 2018 сағат 07:44

Біздің ауыл Елбасының суретін бірінші рет осылай көріп еді...

Тәуелсіздіктің алғашқы айлары болатын. Жасымыз онға толмаған баламыз. Шынжаң өлкесінде, алыс елдімекенде тұрамыз.

Бір күні дастархан жасалып, көп адам жиналды. Бәрі көңілді, арқа-жарқа. Әбден көз байланған уақытта ауылдағы саудагер Айқын кіріп келді. Қолында шиыршықтап ораған қағазы бар. Төр алдына барып жайғасты. «Ал, енді аш» деді үлкендер ентелеп. Айқын ыңыранып: «Көрем дегендерің көрімдік тастаңдар!» деп қояды.

Көрімдік алды ма, алмады ма, есімде жоқ, әлгі ораулы қағазды ашты. Маңдайы жарқыраған сом денелі кісі тұр. Жапырлай қарап, тамсанып жатыр. Әкемнің «Патша десе, патша екен ғой» дегені есімде. Бәрі жағалай өз қолдарына ұстап анықтап көріп жатты. Бір кезде Мәден ақсақал: «Е, қазақтан шыққан патша осы болды де, маңдайы кере қарыс боп тұруын-ай, рас, патша десе патша екен. Қазақтың бағы бір жанды деші. Алла қуат берсін» деп қалтасынан шытын алып көзін сүртті.

Міне, біздің ауыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін (біздің ауылда фото суретті рəсім дейді) бірінші рет осылай көріп еді. Саудагер Айқын бүкіл елді аралап көрсетіп шықты. Сол суреттің ыстық-суығы басылғанша ауыл адамдары бір-біріне «Патшаның рəсімін көре алдыңдар ма?» деп шұнаң қағып қауқылдасып жататын…

Ұларбек Нұрғалымұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 373
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 198
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 210
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 207