Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2831 0 пікір 26 Сәуір, 2011 сағат 05:37

Оңғар Қаңлыбаев. Бөстіре мақтау бизнеске айналды

Мынау құтырған нарық заманында халық алдында пәлендей еңбегі сіңбеген біреулерді бөстіре мақтау бизнеске айналды ғой. Соның бірі емес, «бірегейі» тек қана қыз-қырқынды, күйдім-сүйдімді өмір бойы «жырлап» сақал-шашты ағартқан  Тұманбай Молдағалиев деген «классик» бар екенін жақсы білесіздер. «Мен осы өлер ме екем кім біледі... Әйелге деген ыстық сағынышпен... » дегеннен ол әріге барып көрген емес.

Жақында «Түркістан» газеті «Ақниет жырдың алыбы» деп айқайлата тақырып қойып, Сейфолла Оспан дегеннің Тұмағасы туралы бір бет материалын жариялады. Сейфолланың айтуынша,  Тұманбай қоғамдық тақырыпқа ешқашан қалам тартып көрмесе де қазақ халқының рухани әкесіне айналған ғұламалар Мұхтар Әуезовпен, Сәбит Мұқановпен және Ғабит Мүсіреповпен иін тіресе алады екен. Бұл не сұмдық?

Рушыл жәкелерінің қолына су құйып жүріп  Ж.Кәрібаев дейтіннің сенаторлыққа ілігіп, парламентте пәленбай жыл қуыршақ депутат болып, бас  шұлғып қана қайтқанын білуші едім. Сол Кәрібаев кезінде өзіндей бозөкпелерді тегіс атқа мінгізген-ді. Қазір отсавкада отырып «еңбегінің жемісін» үнем қылуда. Осы туралы жақында ел газеті деп дабырайтатын «Егеменде...» сайқымазақшы Толымбек Әлімбекұлының «Төрт бата» деген мәнзумасы жарық көріпті. Мұнда ол әлгі «ұстазын» батагөй еді, дуалы ауыз еді деп жер-көкке сыйғызбай мақтайды. Содан «үлгі» алған өзі де аузымен құс тістейді екен. Мұны оқып отырып жүрегің айнып, құсқың келеді. Аға газеттің кім көрінгеннің қол жаулығына айналғаны қалай?

Бұл «мықтыларды» шенеп бірер ауыз өлең жазып едім. Соны редакцияға жолдап отырмын. Егер, қажет деп тапсаң жарқ еткізіп жариялап жібер. Әлгі Крыловтың алаңғасар маймылындай өздерін өлең - айнадан көріп таңқалсын бір, шіркіндер. Мүмкін ойланар. Әй, қайдам?...

Ал, өзім атышулы «Шаңырақта» тұрсам да Алматының тұрғынымын деп есептеймін. Аты-жөнім Оңғар Қаңлыбаев. Зейнеткер мұғаліммін. Сынағаным үшін ығай-сығайлар бұлқан-талқан болып туласа мені «Шаңырақтан» табатынын ескерткім келеді. Соттаса менімен соттасын, бұған бойымыз әбден үйренген.

Сонымен айтайын дегенім...

БҰЛАР КІМДЕР?

І.

Қызық қуған қиқулардың ақыны,

Аты шулы  «ана ауылдың» жақыны.

Жетпіс асып, жер таянып тұрса да,

Кірмепті әлі сол шіркіннің ақылы.

Сасай теке мертіксе де бөкседен,

Есіл-дерті жезөкшенің тақымы.

ІІ.

Аузынан шықпайды  сөз елім деген,

Келімсекке  жем болды жерім деген.

Ұлтым деп еміреніп көрген емес,

Ойлайтыны жалпаңдап ішіп-жеген.

Күні ертең ажал жетіп тыраң етсе,

Қазақ деп бишараны қалай көмем?

ІІI.

Асқандай Толымбектің мейманасы,

Ал, мақтану - өлімнің қарабасы.

Езулеп бұра тартып адасады,

Әйтпесе, емеспін ғой соның қасы.

«Батагөй» «ұстазы» сол Кәрібаев

Жылмаңдап кететұғын сөзден тайып.

Қойған аты  әйелге бұзау-баспақ,

Бата бермес  «басқаға» қолын жайып.

Бұл сүйелді көрсеткен көзге шыққан,

Алматының жатағы - Қаңлыбаев.

Оңғар ҚАҢЛЫБАЕВ.

Алматының жатағы.

Сәуір, 2011ж

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2387
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661