Жексенбі, 12 Мамыр 2024
2213 0 пікір 23 Қараша, 2018 сағат 17:47

Бес бастама: Түлкібаста тұрғын үймен қамту қарқынды жүруде

Биыл наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты жаңа әлеуметтік бастамаларды таныстырды, оның біріншісі - Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру болатын.

Түркістан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Өткен жылы бағдарламаның бес бағыты бойынша 721 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.Баспанамен қамту жайы Түлкібас ауданында да үлкен серпінмен жүзеге асып жатыр.

Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасының барлық бағыты халықты баспанамен қамтамасыз етуге арналған.Соның төртіншісінде әлеуметтік жағдай төмен отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қойылған.Түлкібас ауданында көп қабатты тұрғын үй құрылысы 2016 жылдан қырқын ала бастады.Осы жылы облыс бюджетінен 685 миллион теңге қаржы қарастырылды.Бүгінде ауданда 1мың 662 адам  тұрғын үй кезегінде тұр.

Айдар Төлепбергенов –Түлкібас аудандық құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі

Ауданда баспана кезегінде тұрғандардың саны жылдан жылға азайып келеді.2016 жылдан бері мемлекеттік бюджет есебінен аудан аумағында 5 мың 884 шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы жүрді.  96 пәтер пайдалануға берілді. Түлкібаста тұрғын үйден бөлек әлеуметтік мәдени нысандар салу құрылысы да қарқынды жүруде.Дауан ауылында туризмді дамыту мақсатында Этнопарктің құрылысы аяқталуға жақын.

Сұлтанбейбарыс Қарақұлов -Түлкібас аудандық  кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы

Қуанарлығы осы «Этно парк» арқылы ұлттық құндылықтарымыз дәріптелмек.Айнала салынған киелі киіз үйлері сонау сақ дәуірінен бергі ата-баба салтына сай безендірілмек.Бұл шет елдік туристерді қызықтыратын анық.

С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2177
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1794
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1535