Жексенбі, 12 Мамыр 2024
2267 0 пікір 23 Қараша, 2018 сағат 16:57

Түркістан облысының Төлеби ауданында электр жүйелері жаңартылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастама жобасы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған нақты тапсырмалардан тұралы. Осыған сәйкес, Түркістан облысының Төлеби ауданында электр жүйелерін жаңарту жұмыстары жасалған.

Жалпы, бұл өңірде 2018 жылға арналған инвестициялық бағдарлама бойынша 75,61 шақырым желілерді жаңартып, темір-бетонды бағанаға алмастыру және 6 жаңа трансформаторды орнату жоспарланған.

Бүгінде аталған ауданда ұзындығы – 31,2 шақырым желі жаңартылып, темір-бетонды бағаналарға алмастырылған. Сонымен қатар, төрт трансформатор құрылғысы жаңартылды. Бұл жұмыстар Төлеби ауданды əкімдігімен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-гі бірлесе атқарып отыр.

Жалпы аудандағы электр жүйелерінің ұзындығы - 1342,8 шақырымды құраса, оның 828,3 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда.

Бұдан басқа, аудан халқын сапалы электр энергиямен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 11 жобаның ЖСҚ-сы әзірленуде.

Аталған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асқан уақытта Ленгер қаласы және 10 ауылдық округке қарасты 32 елді мекендегі 67 көшенің, яғни 10 240 тұрғын сапалы электр энергиясымен қамтылатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1947
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2198
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1815
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1540