Жексенбі, 12 Мамыр 2024
2044 0 пікір 25 Қараша, 2018 сағат 15:32

Елбасы Түркістан облысы бюджетін толықтырудың жаңа жолдарын айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан құрылған Түркістан облысына ерекше назар аударып отырғаны белгілі. Өңірдегі әр саланы дамытуға нақты тапсырмалар да берген болатын. Елбасының сол тапсырмаларына сәйкес, өңірде әр сала бойынша қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр.

Елбасы «Біз бүгін Түркістанды жаңа облыса орталығы ретінде аяғынан тік тұрғызу мәселесімен жиналып отырмыз. Қазір мемлекеттік органдар Түркістанға көшіп, жұмыс істеп жатыр. Енді Түркістанды халықаралық деңгейдегі қалаға айналдыру үшін Үкімет пен облыс әкімдігі мына мәселелерге назар аударулары тиіс. Біріншіден, өңірдің қаржылық тұрақтылығын арттыру керек. Облыстан Шымкент қаласы бөлініп шыққаннан кейін бюжеті екіге бөлінді. Сондықтан бюджетті толықтыру үшін жаңа кіріс көздерін, бюджетті молайту жолдарын табу қажет. Екіншіден, жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту мәселесі назарда болғаны жөн. Жұртшылыққа жаппай кәсіпкерлікпен айналысуды үйреткен жөн. Түркістандағы құрылыс алаңдары мен жұмыс орындарында  өзіміздің жастар жұмыспен қамтылуы тиіс» деген Елбасы ауыл шаруашылығын одан сайын дамытып, өнімдерді өңдеп шетелге экспорттау міндетін жүктеді. Сонымен қатар, көлік-логистика қызметін дамытып, туризмге серпін беру керектігіне тоқталды. Түркістанды электр қуатымен, газбен, сапалы көлік жолдарымен, әлеуметтік нысандармен және ауыз сумен қамту мәселелерін шешу жөнінде де тапсырма берді. Баламалы қуат көздерін дамытуды жүктеді.

Актив мәжілісінде Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбек Елбасының Түркістанға деген ерекше ықыласы мен қамқорлығына ел атынан алғыс айтса, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Виктория Черкашина да жастарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға риза екендігін жеткізді.

Түркістанды дамыту жөніндегі алқалы жиында Мемлекет басшысы Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау және «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі тарихи Жарлықтарға қол қойды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2171
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1791
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1535