Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
2447 0 пікір 2 Қараша, 2018 сағат 09:05

Түркістан облысы Жетісай ауданында қой басы 167 мыңнан асқан

Елбасы Н.Назарбаев ауылшаруашылығы саласын экономиканың драйвері деп атаған болатын. Сонымен қатар, Президент “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында да бұл салаға ерекше назар аударды.

Осыған орай, өңірлерде де ауылшаруашылығын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Мәселен, бүгінде Түркістан облысы Жетісай ауданындағы қой басы 167 мыңнан асыпты.

Қазіргі таңда Жетісай ауданында 152 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді екен. Солардың бірі Жетісай ауданы Абай ауыл округіндегі «Махарам» шаруа қожалығы алдағы 4 айда 1 мың бас қойды бордақылап шығармақ.

Әрбір байланған қошқар орта есеппен 30-35 келі ет береді. Қазірдің өзінде қорада 300 бас жайдары қошқар жемге қойылған. Қожалықта өндірілген ет негізінен Алматы қаласының нарығына жөнелтіледі.Қазіргі таңда «Махарам» шаруа қожалығының иелегінде жалпы саны 5 мың бас қой бар. Жетісай ауданында жайылым жер қат болғандықтан, мұндағы отарлар Шардара ауданына қарасты құмда ұсталады екен. Қожалық төрағасы Махарам Нифталиевтің айтуынша, жайдары қойлар шөл және шөлейт жер жайылымына көнбіс, күтім талғамайды.

«Қойларымыздың жем-шөбін өзіміз әзірлейміз. Биыл 20 гектар жоңышқа мен 30 гектар жерге жүгері ектік. Одан алынған өнім жаман емес. Мәселен, жоңышқаны 5 рет орып аламыз. Жиын-терім жұмыстарына қажетті техникаларымыз да бар», - дейді Махарам Нифталиев.

Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында 167 мың 972 ұсақ мал бар. Оның 22337-сі Жаңаауыл ауылдық округіндегі шаруаларға тиесілі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1544
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1417
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1166
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1168