Жексенбі, 12 Мамыр 2024
1874 0 пікір 25 Қараша, 2018 сағат 18:57

Сенатор түркістандық мемқызметкерлерді баспанамен қамту мәселесін көтерді

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында 2018-2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасын талқылау кезінде сенатор Асқар Бейсенбаев Түркістан қаласындағы мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы Baq.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Түркістан облысының әкімшілік орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына ауыстыру туралы қаулысына сәйкес мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қандай бағдарламалар көзделген? Осыған бюджеттен қаражат қарастырылған ба? Бұл жалақасы төмен кадрдың қолданыстағы бағдарламаларға қатыса алмайтын табысы төмен, бірінші жарнаны төлеуге қаржысы жоқ азаматтарға қатысты. Осы санаттағы қызметтерге арнайы жергілікті бағдарлама қабылдау мәселені шешуге септігін тигізеді деп ойлаймын. Бұл мәселе қарастырылған ба? Сондай-ақ, мемлекеттетік мекемелер үшін әкімшілік ғимараттардың жетіспеушілігі туралы мәселе қалай шешіледі?» - деді сенатор Асқар Бейсенбаев.

Парламент Сенатының сауалына Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов жауап берді.

«7-20-25» бағдарламасы барын білесіз. Жолдауда бастапқы жарнаны субсидиялау мәселесімен жұмыс істеуді тапсырды. Бұл – бағдарламаны тездетуге мүмкіндік береді. Жалпыұлттық жоспар шаралары қабылданды. Мерзімі қарашаға дейін деп отырмыз. Қарашада мәселемен жұмыс істеп, қандай санаттар субсидияланатыны анықталады», - деді ол.

Оның айтуынша, Шымкент қаласында жүзеге асырылатын жобалар бойынша республикалық бюджеттен бөлінетін трансферт көлемі 15 млрд теңгені құрайды.

«Оның 6 млрд теңгесі жергілікті нысандарға, 8,9 млрд теңге жалғасатын жобаларды жүзеге асыруға бөлінеді. Қосымша мақсатты трансферттермен Шымкент қаласында 6 жаңа жобаларды жүзеге асыруға 1,5 млрд теңге көзделеді. 2019 жылы қосымша қажеттіліктер бойынша әкімдікпен бірге жұмыс істейміз. Келесі жылдың қаржыландыруы анықталатын болады», - деді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1947
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2200
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1815
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1540