Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
4499 0 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 11:43

Түркістан облысы тамшылатып суару әдісі бойынша көш бастап тұр

Елбасының Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыруатты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында өңірлердегі ауылшарушалық мәселелеріне де ерекше мән бергені белгілі.

Осыған орай, Түркістан облысында да ауылшаруашылығы саласы бойынша бірқатар жұмыстар атқаралып жатыр. Мәселен, биыл Түркістан облысы өнім көлемі бойынша республикада алғашқылардың қатарында. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеген болатын.

«Ауыл шаруашылығы өнім көлемінің өсімі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8% немесе 374 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде мал шаруашылығы 188 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5 %  артты. Өсімдік шаруашылығы 184,4 млрд. теңге немесе 102,8% жетті. Ет өндірісі 6,7%-ға артып, 154,7 мың тоннаны құрады. Шетелге 4600 тонна ет экспортталып, бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы елімізде көш бастады.  Сүт өндірісі 3,2%-ға артып, 555,6 мың тоннаға, жұмыртқа  9,2%-ға артып, 146,7 млн. данаға жетті. Республика бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 14,1% құрап,  2-орынға шықты. Биыл көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 2,7 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді.   Оның ішінде 500 мың тоннаға жуық өнімдер Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне экспортталса, 1 млн. тоннасы еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілді», - деді Ж.Түймебаев.

Түркістан облысы жылыжай, тамшылатып суғару бойынша көш бастап тұр. Мәселен, жылыжай көлемі 1285,4 гектарды, ал тамшылатып суғару әдісі 6,4 мың га артып, жалпы 64,4 мың гектарды құрады. Республикада жылыжайдың - 80%, тамшылатып суғару аумағының 72% түркістандықтарға тиесілі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2057
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2488
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2081
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1600