Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 3255 1 пікір 26 Қараша, 2018 сағат 11:19

Астана әкімін қар күреу эстафетасына шақырамын!

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың назарына!

Астанаға қар көп әрі қалың жауады.
Әрине, "Астана Тазалық" атты мекеме қыс бойы қала көшелері мен мекемелердің алдын, тұрғын үйлердің ауласын тазартып, қардан аршумен айналысып келеді.
Дегенмен,осы жұмысқа Астана халқын жұмылдырса артық болмас еді.
Сол үшін, бүгіннен бастап мен Ауыт Мұқибек "Қар күреу эстафетасын" бастадым.

Бұл жоба -- біріншіден, Елбасы жолға қойған салауатты өмір салтын қалыптастыру тапсырмасының нақты іспен көрсетілуі болар еді. Күні-бойы компьютерге тесіліп отыратын қызметкерлердің алпыс екі тамырына қан жүгіртіп, құрыс-тырысын жазып, бойына күш-қуат жинар еді. Одан да маңыздысы, билік өкілдерінің қол астындағы қызметкерлерімен, жақынырақ араласуына, былайғы халыққа үлгі боларына тамаша орай жаратады.

Екіншіден, Үкімет бюджетіне түсетін салмақ барынша жеңілдегелі тұр!
Қысқасы, мұз жастанып, қар төсеніп өскен қазақ баласына қар күреу - жұмыс емес!
Адамды жаратқан - Алла, дамытқан - Еңбек!
Мен келесі қар күреудің кезегін Елордамыз Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа ұсынып, күрек табыстадым.

Құрметті Бақыт Тұрлыханұлы!

Өзіңіз бас болып, "Қар күреу естафетасын" қабылдап, ары қарай жалғастыруыңызды сұраймын!

Ауыт Мұқибектің facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір