Жексенбі, 28 Сәуір 2024
46 - сөз 3959 2 пікір 26 Қараша, 2018 сағат 10:13

Сталин 23 млн адамды о дүниеге аттандырған

АҚШ-та әлемдегі ең қанқұйлы басшыларды анықтаған зерттеу нәтижесі жарияланды. Бас жүлде Маода. Ол 78 млн адамның өліміне кінәлі.

Артынша Сталин тұр, ол 23 млн адамды о дүниеге аттандырған. Гитлер қола жүлдемен, 17 млнды еншілепті. Төртінші орында бельгиялық король Леопольд 15 млн адамды қырып салса, үздік бестікті 6 млн адаммен Жапониялық Тодзио қолбасшы аяқтаған.

Әрине, бұл зерттеу тек қана XX ғасырда тірі болған жандарға жасалған. Леопольд патша 1909 жылы қайтыс болғандықтан осы тізімге еніпті.

Дегенмен, Сталин мен Гитлердің статистикасы аздау сияқты, әрине Маоның бірінші орында екені күмәнсіз. Сталиннің екінші орын алғаны да ақиқат.

Бірақ  Сталин кемі 40-45 млн, Гитлер 25-30 млн ажалға себепкер деп ойлаймын.

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір