Жексенбі, 12 Мамыр 2024
2552 0 пікір 26 Қараша, 2018 сағат 09:39

Түркістан облысындағы  этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру  атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында спортқа да ерекше мән бергені белгілі.

Осыған орай, 24-қараша күні Түркістан облысындағы  этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті. Сайысқа қатысқан бес команда мүшелері  шағын футбол, стол теннисі, шахмат, қашықтыққа жүгіру, дойбы  сынды спорттың бес түрінен сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спартакиаданың  ашылу салтанатында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы  хатшылығы меңгерушісінің  міндетін атқарушы Мадина  Камеденова сөз сөйлеп,  барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Өңірдегі этностардың достығын, берекелі бірлігін одан әрі нығайтуда мұндай шаралардың маңызы зор екендігіне тоқталды. Облыс әкімі аппаратының қоғамдық келісім КММ басшысының міндетін атқарушы Заңғар Үсіпахметов спартакиаданы ұйымдастырудағы мақсат ұлттар арасындағы татулықты дәріптеу екендігін, алдағы уақытта осындай іс-шаралар  жалғасын таба беретіндігін айтып өтті.

Аса тартысты өткен сайыс нәтижесінде бас жүлде Түркістан қаласының командасына бұйырды.  Бірінші орынды облыстық өзбек  этномәдени бірлестігі иеленсе, екінші орынға Сайрам ауданының командасы місе тұтты. Ал, үшінші орын түрік этномәдени бірлестігіне берілді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйлыққа ие болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1939
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2143
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1775
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1533