Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 3346 8 пікір 20 Қараша, 2018 сағат 09:37

Бала дінді әкесінен үйренгені дұрыс!

Деструктизм, радикализм, экстремизм шындығында бүгінгі қоғам адамына психологиялық тұрғыдан өте терең әсер етуде. "Психологиялық әсер етеді" деген сөз тұлға, өзінің менінен күдіктене бастайды. Күдіктену нәтижесінде, ол сырттан келген дайын шаблондарға еріксіз беріледі.

Қазіргі Құран мен суннада буквалистердің (хуруфилер) қойған шаблондары мынадай: АДАМ деген адасады, адамның ақылы басты құндылық емес, ақыл менен ақиқатты өлшеу мүмкін емес, себебі сен шектеулісің, ал ол шексіз әлем. Сондықтан ақылға жүгінбей, "Алла не айтса соны орындау, сенің мақсатың құл болу, құлшылығыңды солай сезіну". Ол үшін Құранда, аятта қалай айтылса, солай қабылдау керек делініп жатыр. Императивтік аяттар қалай десе, Алла сен былай дейді, адам деген құл болу керек, халифа болу керек. Ол Алла, не айтса соны орындау керек. Сен орындаушысың, ойланушы емессің деп тұр бұл жерде. Міне, осындай дайын шаблондар жастарға өте оңай беріліп жатыр.

Мамандардың пікірінше, жалпы теріс діни ағымнның жетегінде жүрген азаматтардың портретін алып қарайтын болсақ, ауылдан шыққан 35 жасқа дейінгі орташа білімді азамат. Кәсібі ─ сауда.

Біріншіден, діни сауатсыздық. Әр адамның бойында дінге, құдіретті күшке сену сезімі болады ғой. Жаратушыны танып-білуге деген талпыныс, ізденіс. Осы жолда адамдар көп жағдайда дұрыс ұстаздардың қолына түспейді. Дінді интернеттен іздей бастайды. Ол жерде сан түрлі діни контент бар. Кейін теріс ағымдардың артынан ереді.

Екіншіден, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың төмен болуы. Радикалдану, діни ағымдарға кету дегеніміз еліміздегі әлеуметтік жағдайларға деген қарсылық ретінде бағалауға болады. Жастарымыздың бойынан осыны байқаймыз. Басында кірген ортасын (діни ағымды) қорғаныш сияқты сезінеді. Сөйтіп радикалды идеяға ұрынады.

Үшінші фактор ─ түрмеден шыққан азаматтар. Түрмеде бірнеше жыл отырып, жазасын өтеп шыққанмен, жат ағымның жетегіне кеткендер бар.

Төртіншіден, шетелден білім алып келген азаматтар. Ертеректе шетелге білім іздеп кеткен жастар көп болды. Солар оқып келіп, Ханафи мәзхабына қайшы дүниелерді таратты. Өздері де радикалданды, жамағатты да адастырды. Адамның психологиясына маңызды рөл ойнайды бұл жерде. Енді бірінің сыни ойлау қабілеті болмауы мүмкін. Білім деңгейі, отбасылық тәрбиесіне де тікелей байланысты.

БАЛА дінді ӘКЕСІНЕН үйренген ДҰРЫС. Тіпті мешітке де ӘКЕСІ ертіп барғаны жөн. Сирияға кеткендердің әңгімесін естісең, экстремизмді кейбір мешіттерден "жұқтырғанын" айтады. Сақтықта қорлық жоқ.

Бауыржан Кариповтың 

Facebook-тегі жазбасы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1029
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 902
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 679
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 759