Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
2492 16 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 10:30

Елбасы Қазақстандағы роботталған хирургияның халықаралық референстік және оқыту орталығына барды

Мемлекет басшысы негізгі міндеті роботталған хирургияны құру, дамыту және оны практикалық медицина саласына енгізу болып саналатын орталықтың жұмысымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев медицинада инновациялық шешімдерді қолданудың маңыздылығына тоқталып, роботталған хирургия орталығында жасалатын оталардың бүкіл өңір үшін бірегейлігін атап өтті.

– Мұндай үлкен бастама халқымыздың игілігіне бағытталған. Медицина саласын роботтандыру мамандарымыздың біліктілігін арттыруға септігін тигізеді. Осындай орталықтың ашылуы – отандық денсаулық сақтау саласындағы маңызды оқиға. Бұл көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы орталықта ем қабылдаушылармен әңгімелесіп, Президенттің Іс басқармасы Медицина орталығының жалпы жұмысы және оны дамыту перспективалары жөнінде мәлімет алды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен құрылған роботталған хирургия орталығы медицина мамандарын даярлап, олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ клиникалық сынақтар өткізіп, әлемдік деңгейдегі заманауи роботталған технологияларды қолдана отырып, ғылыми әзірлемелер дайындайды.

Аbai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2027
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2443
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2035
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587