Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
3084 0 пікір 13 Қараша, 2018 сағат 09:21

Тәжікстан түрмесіндегі бүлік кезінде 50 сотталушы қаза тапқан

Тәжікстанның Худжанд қаласындағы №3/3 түрмесінде болған бас көтеру кезінде шамамен 50 адам қаза тапқан. Алты түрме күзетшісі ауруханада жатыр.

Азаттықтың тәжік қызметінің тілшісі мемлекеттік мекемеден түрмеде қаза болғандардың тізімін байқап қалған. Онда кемінде 50 адамның аты-жөні жазылған. Қазіргі кезде тек колония майоры Мирсаид Кадыров пен Эхсон Ёкубовтың қаза тапқаны белгілі.

Ресми билік БАҚ-тағы түрмедегі бүлік жайында жазылған хабарларға ресми түсініктеме бермей отыр. Ал қаза тапқан сотталушыларды жерлеу рәсімі құпия түрде жүзеге асып жатқаны белгілі болды.

Абақтыда қаза тапқандардың бірі, 12 жылға сотталған 23 жастағы Бахром Исмоиловтың анасы Рукия Исмаилова ұлымның мәйітін көруге рұқсат бермеді дейді.

​«Мені ұлыңыз ауырып қалды деген себеппен түрмеге шақырып алды. Сонда барғанда, ұлымның қаза тапқанын білдім. Ондағы қызметкерлер сотталушылар күзетшілерді ұрып-соқты, біз қол қусырып қарап отырмадық деді. Бахромның денесі зиратқа оралған күйде әкелді. Маған ұлыммен қоштасуға рұқсат бермеді»,- дейді Рукия Исмаилова.

Худжанд түрмесінде 8 қарашаға қараған түні тәртіпсіздік орын алған. Бүлікті "Ислам мемлекеті" террористік тобы мойнына алды. Бұл ақпаратты Тәжікстан құқық қорғау органдарындағы дереккөз де растады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1634
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1558
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1298
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1255