Жексенбі, 5 Мамыр 2024
3008 1 пікір 10 Қараша, 2018 сағат 13:05

Метро пойыздары түн ортасына дейін жүретін болды

Алматы метросының жұмыс кестесі өзгерді. Бұл туралы «Метрополитеннің» баспасөз қызметі хабарлады.

– Көптеген жолаушылар өтінішін ескере отырып, үстіміздегі жылдың 12 қарашасынан бастап Алматы метрополитені жаңа жұмыс кестесіне көшеді. Енді жерасты жүрдек пойыздары таңғы 6.20-дан түнгі 24.00-ге дейін қатынайтын болады. Сондай-ақ, Алматы шаһарының метросын жолаушыларға барынша қолайлы ету үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Келесі жылы арнайы алаңдар мен касса залдарында ақпараттық дисплейлер орнатылады. Жолаушылар енді келесі пойыздың қашан келетінін алдын-ала көріп тұратын болады, – деді «Алматы метроқұрылыс» АҚ баспасөз қызметінің өкілдері.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1328
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1182
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 926
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1036