Сенбі, 4 Мамыр 2024
3110 0 пікір 7 Қараша, 2018 сағат 12:42

БҚО-да денсаулық сақтау саласын цифрландыру өз тиімділігін көрсетуде

Батыс Қазақстан облысында Елбасы тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» РМК БҚО филиалының директоры Сандуғаш Кеңесова мәлім етті.

Сандуғаш Жолдасқызының айтуынша, Елбасы 5 қазан күнгі Жолдауында медициналық қызмет сапасына айрықша назар аударған болатын.

Мемлекет басшысы атап өткеніндей, алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуі тиіс.

Осы орайда Батыс Қазақстан облысында пилоттық режимде биылғы қаңтардан медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізу енгізіле бастады. Жоба аясында қағаз түріндегі нұсқалар біртіндеп алынып тасталады.

Сандуғаш Кеңесованың сөзіне қарағанда, өңірдегі медицина ұйымдарында «Kazmedinform» медициналық ақпараттық жүйесі, қаланың 6 емханасында электрондық кезекті басқару жүйесі, жедел медициналық жәрдемді басқарудың "АДИС" автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

2017 жылдың қараша айынан бастап k-vrachu.kz мобильдік қосымшасы енгізілді, оны PlayMarket, App Store дүкендері арқылы тегін жүктеп алып, Android, iOS операциялық жүйесінде жұмыс істейтін мобильдік құрылғылар арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуға болады. Аталған мобильдік қосымшада тіркелген пайдаланушылардың саны 22 548-ке жетті.

Мобильдік қосымшаның тиімділігі мынада, сол арқылы дәрігерлер жұмысының кестесімен танысуға, тұрғылықты жері бойынша тіркелген учаскені анықтауға, дәрігер карточкасын қарауға, облыстың медициналық ұйымдарын қарауға және оларды картада табуға, дәрігерді үйге шақыруға, дәрігердің қабылдауына жазылуға және қажет болған жағдайда жазылуды өзгертуге болады, Push хабарламалар және дәрігерге бару жөнінде ескерту қызметтері бар.

Тағы бір айта кететін жайт, дәрігердің қабылдауына жазылуға арналған k-vrachu.kz веб-порталы жұмыс істейді. Веб-портал арқылы тіркелген учаскені іздеуге, дәрігердің (жалпы тәжірибелік дәрігер) қызмет көрсететін ауданын қарауға, дәрігерді үйге шақыруға, дәрігердің қабылдауына онлайн жазылуға, дәрігердің кестесін, оның біліктілігін қарауға, дәрігерді бағалауға болады.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында кезектілікті азайту үшін қаланың барлық емханаларында «Электронды табло» электрондық кезекті басқару бағдарламасы енгізілді. Қаланың алты емханасында және «Деркөл» дәрігерлік амбулаториясында «Казмединформ» медициналық ақпараттық жүйесімен интеграцияландырылған электрондық кезекті басқару жүйесі жұмыс жасайды.

Барлығы 105 мекеме (121-ден) қағазсыз түрге көшірілді. Дәрігерді электронды цифрлық қолтаңба арқылы авторизациялау мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру аясында облыстық жедел медициналық жәрдем қызметінің онлайн режимінде жұмыс істеуі үшін ситуациялық орталықты орнату арқылы жедел медициналық жәрдемді басқарудың автоматтандырылған жүйесі жаңғыртылды, бұл науқасқа жетудің уақытын 12 минуттан 9 минутқа дейін, 3 минутқа қысқартуға, сонымен бірге диспетчерлік қызметке келіп түскен шақыртуды өңдеудің уақытын 5 минуттан 3-4 минутқа дейін қысқартуға  мүмкіндік берді, ауруханаға дейінгі қайтыс болу жағдайы 0,8 промилиден 0,4 промилиге дейін төмендеді. Қалалық жедел жәрдем станциясы 32 дана мобильдік АРМ (планшеттермен) жарақталды, қамту 100 пайызды құрайды, облыс бойынша 138 дана санитарлық автокөлік GPS - мониторингке қосылды (қамту 100 пайыз). 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарлама бойынша 16918 шақыртуға қызмет көрсетілді. Аталған бағдарлама облыс бойынша жедел медициналық жәрдем бригадаларының геолокациясын көріп отыруға мүмкіндік береді, диспетчер шақырту туралы ақпаратты (шақыртудың себебі, пациенттің аты-жөні, мекен жайы) бригаданың планшетіне жібереді.

Филиал директорының мәлімдеуінше, инфрақұрылымдық индикаторлар бойынша бүгінгі таңда медициналық ұйымдар 4477 компьютермен жарақталды, 2016 жылы 1064 дана (152,3 млн теңге), 2017 жылы - 656 дана компьютерлік техника сатып алынды, сатып алу жергілікті бюджет (162,5 млн теңге) және медициналық ұйымдардың өз қаражаты есебінен жүргізілді, облыстың медициналық ұйымдары компьютерлік техникамен 100 пайызға қамтамасыз етілді. Оған қоса медицина ұйымдарын 510 дана компьютерлік техникамен жаңарту үшін 242,5 млн теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында денсаулық сақтау басқармасы «Батыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау басқармасын цифрландыру жөніндегі жол картасын» әзірлеп, ол БҚО әкімінің орынбасарымен бекітілді.

«Күні бүгін 383 медициналық мекеменің 263-і интернет желісіне қосылған. Бұл ретте шалғайдағы шекаралас аудандардың медициналық пункттері, фельдшерлік-акушерлік пункттері (барлығы 120 нысан немесе 30 пайызы) интернетке қосыла қойған жоқ. Осы бағытта «Қазақтелеком» АҚ-мен медицина ұйымдарын кең жолақты интернетке қосу жұмыстары жүргізілуде», деді С.Кеңесова.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1068
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 801
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 928