Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
2993 6 пікір 7 Қараша, 2018 сағат 12:16

СІМ: Қазақстан "Қытайдың ішкі ісіне араласпайды"

Қытайдағы саяси лагерьлерде қысым көріп жатқан қазақтар жайын Қазақстан халықаралық ұйымдар алдында көтере алмайды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов айтты.

- Бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп отырмыз. Халықаралық ұйымдардың шеңберінде бұл мәселені көтеруге ешқандай құқығымыз жоқ. Өйткені бұл - Қытайдың ішкі мәселесі. Біз олардың ішкі ахауалына араласуға құқығымыз жоқ. Бірақ сыртқы істер министрлігі бұл өте күрделі мәселеге ерекше назар аударып отыр, - деді министр.

Әбдрахманов Қытайдағы саяси-тәрбие лагерьлеріндегі қазақтар мәселесін шешу жайында жақында тағайындалған Қытайдың Қазақстандағы жаңа елшісімен талқылайтынын айтты.

Қытайдағы этникалық азшылыққа қысым көрсетіліп жатқаны соңғы бір жарым жыл көлемінде жиі айтыла бастады. Аз ұлттар өкілдері балаларының құқығы да халықаралық ұйымдардың назарына ілігіп, алаңдаушылық тудырған. Қарашаның 6-сы күні Женевада БҰҰ кеңесінде Қытайдағы адам құқығы мәселесін талқылады. АҚШ, Канада, Германия, Франция Қытайдан Шыңжаңда қамалғандарды босатуды талап етті.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1641
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1570
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1309
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1260