Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
3301 1 пікір 7 Қараша, 2018 сағат 10:10

Қазақстан Илон Маск зымыранының көмегімен өзінің Жер серігін ұшырады

Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш министрі Бейбіт Атамқұлов SpaceX компаниясының "Falcon 9" зымыран-тасығышымен екі спутник ұшыратынын растап, жекеменшік компанияны таңдау себебін айтты.

Жергілікті ақпарат құралдары "Қазақстан АҚШ-тағы жекеменшік SpaceX компаниясының "Falcon 9" зымыран-тасығышымен Флорида штатында екі ғылыми-технологиялық спутник ұшырмақ" деп жазған.

Министр Атамқұловтың айтуынша, бұдан бұрын спутниктерін ұшырып жүрген ресейлік "Днепр" бағдарламасының жабылуына байланысты Қазақстан өзге елдің зымыран-тасығышын іздеуге мәжбүр болған.

- Бұл - нарық. Арзан, өзімізге лайықты зымыран іздедік. Кейін "Falcon 9" зымыраны, SpaceX компаниясын таңдадық. Алдын ала дайындығы, сақтандыруы бар, 1 миллион 300 мың - 1 миллион 400 мың долларға түсті. Бұл өте арзан баға деуге болады. Себебі, бірден екі жер серігін ұшырамыз. Бір зымыранмен бір жер серігін ұшыру 10-30 миллион долларға дейін қымбаттап кетуі мүмкін. Ал біз спутникті басқа елдердің жер серіктерімен бірге ұшырайын деп отырмыз, - дейді министр Атамқұлов.

Министр Атамқұлов "Falcon 9" ракетасымен спутник ұшыру ресейлік зымырандардың қызметін пайдаланудан қаншалықты арзан екенін нақты айтпады.

АҚШ-тың жеке меншік SpaceX компаниясының "Falcon 9" зымыраны - бір реттік және көп мәрте пайдалануға жарайтын ауыр класты зымыран түрі. Биыл компания басшысы Илон Маск зымыранның жерге қайта оралу жүйесін сынақтан сәтті өткізіп, коммерциялық ғарыш игеру саласында төңкеріс жасаған.

Халықаралық басылымдар соңғы жылдары "Falcon 9" ресейлік "Союз" зымыранымен бәсекеде озып келе жатқанын жиі жазады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1760
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1737
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1459
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1372