Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 4372 8 пікір 6 Қараша, 2018 сағат 14:27

Әділ сайлауға қашан жетеміз?

АҚШ-та бүгін Сенат пен Конгреске аралық сайлау өтеді. Яғни, Сенаттың үштен бірі мен Өкілдер палатасы түгелімен қайта сайланады.

Президентіне вето қоя алатын Сенат пен Конгрестің АҚШ саяси өміріндегі ролін ескерсек, бұл республикашылардың лидері Трамп үшін өте-мөте қиын әрі жауапты сын. Партиясының Конгрестегі басымдығынан айрылып қалу қаупі төніп тұр.

Өзінің Демократиялық партиясының басты медиатұлғасы Обама боп, екеуі бір-бірімен кәдімгідей айтысып жатыр. Трамп өз билігін пайдаланып, Обаманы қудалап, жиын өткізуге рұқсат бермей немесе, үстінен қылмыстық іс қозғап, түрмеге жауып жатқан жоқ.

Міне, нағыз саяси өмір, бәрі жанды әрі табиғи. Осындай сайлаулар арқылы тың идеялар, жаңа тұлғалар дүниеге келіп жатады. Нәтижесінде қоғам дамиды, алға жылжиды. Тоқырауға ешбір жол жоқ!

Ал бізде болса, баяғы жартас - сол жартас.
Өтірік, көзбояушы сайлаулар.
Президенттің, оның партиясының жасанды, қуыршақ қарсыластары.

27 жыл бойына "саяси рухани жаңғыруымыздың" бір жемісі сол - күллі жұрт "сайлау" десе, күліп қарайды, оның шынайылығына ешкім де сенбейді!

Осы саяси скепсис жұрттың мемлекетке деген сенімсіздігін туғызады. Ол болса, Тәуелсіздік пен ұлттық хауіпсіздік үшін ең басты қауіп!

Әміржан Қосанның facebook парақшасынан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 560
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 290
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 312
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 323