Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
2963 1 пікір 6 Қараша, 2018 сағат 12:14

Назарбаев пен Путин Петропавлдағы өңіраралық ынтымақтастықтың ХV форумына қатысады

Петропавлда 9 қарашада Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының 15-ші форумы өтеді, деп хабарлайды Абай-ақпарат ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"9 қарашада Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының 15-ші форумы өтеді. 15-ші Форумның тақырыбы - «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері» , - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бүгінгі брифингте.

Оның айтуынша, іс-шараға министрліктер мен ведомстволардың жетекшілері, Қазақстан мен Ресей өңірлерінің басшылары, туризм саласындағы бизнес өкілдері қатысады.

"Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өңіраралық форумдары жыл сайын өткізіледі. Форумды өткізудің он бес жылдық тарихында ол екі ел арасындағы саяси және экономикалық өзара іс-қимылдың маңызды институты ретінде қалыптасып, өзін тиімді мемлекетаралық алаң ретінде таныта білді. Алдағы іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік саладағы өзара іс-қимылды кеңейту, оның ішінде, екі елдің іскер топтары мен мемлекеттік құрылымдары арасындағы кооперациялық байланыстарды тереңдету арқылы туризмнің әртүрлерін дамыту және алға жылжытудың озық тәжірибесімен алмасу, туристік индустрияға өзара инвестициялардың келуін ынталандыру болып табылады", - деді ол.

Форум аясында Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің отырысы, Қазақстан-Ресей туристік көрмесі, пленарлық отырыс, сондай-ақ үкіметаралық, өңіраралық және коммерциялық бағыттағы 30 құжатқа қол қою жоспарлануда.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1818
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1825
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1537
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1425