Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 4993 2 пікір 5 Қараша, 2018 сағат 12:20

Мұңға толы бір тамшы жас

Бұл – теңіздің арғы бетінде болған оқиға. Оны жеткізген Құлан ауылының тұрғыны, атбегі Мейілбек Бегазиев еді.

Екі қазақ жігіті сексенінші жылдары Америкаға жұмыс сапарымен барса керек. Содан кафеге тоқтап тамақтанып, темекі тартып тұрады.

Кафемен іргелес бір фермердің ат қорасы бар екен, кенет ішінен бір тұлпар тулап, кісіней береді. – Мынаған не болды? – дейді де, олар қораға жақындайды.

Бұлар жақындаған сайын тұлпар тыпырлап, бас жібін тартқылап ынтыға түсті. Есікке тесіле қарап, қонағын ұзақ күткен кісіше елеңдейді, жарықтық. Жігіттер жақындап, маңдайынан сипап еді, момақан бола қалды. Сөйтіп тұлпар тұмсығын бұрып, жігіттердің қолы мен жеңінен иіскей берді. Иіскей түсіп, сәлем беруге иілген келіндей басын төмен салды. Осы сәтте жылқының жанарынан жас парлап кетті. Мына жағдайға түсінбей абдырап қалған олар дереу кетпек болды. Ат тағы тулап кетті. Осы кезде фермер де келе қалды.

– Сіздер мұнда қайдан жүрсіздер? Жылқыға не істеп қойдыңыздар? – деді де, жөн сұрасты.

– Қазақстаннанбыз. Мына жылқы оқыс қылық көрсетіп жатқан соң көргіміз келді. Бар-жоғы осы ғана, – деді жігіттер.

– Түсінікті, – деді фермер, – тұлпар "Луговой" жылқы зауытынан сатып алынған. Жерлестерін танып тұрған ғой!

О, тоба десеңші, қазақша сөзге еліп, туған жерге деген сағынышын баса алмаған тұлпардың күйі күйзеліске түсті. Сезімтал жарықтық-ай, неткен киелі едің! Мұңға толы бір тамшы жас жігіттердің де жүрегін елжіретіп жіберді.

Әсет Оразханның facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 522
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 277
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 300
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 300