Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 3963 1 пікір 5 Қараша, 2018 сағат 12:02

Даналық пен парасаттылық тек жаспен келмейтініне тағы көз жеткіздім

Арамыздан тәлімі мол әжелер, ақылы асқақ апалар кетіп, кәрі кемпірлердің көбейген заманы да келіпті ғой. Мұны да көріп жатырмыз.

Балам Міржақыппен видеомен сөйлесіп отыр едім, бір кезде "Әке, бір апа атың кім дегенде Міржақып десем, ол не пәле деді" - дейді.

Кемпірлер Қажымұқан деген не пәле десе балам түсіндіріп бере алады. Мультфильмнен көрген. Батыр, күреседі ол деп жауап береді. Ертөстікті де біледі. 4 жасар бала ғой.

Алаш орда тақырыбына әлі келмеп едік. Алаш қайраткерлеріне ерте деп жүр едім. Уақыты да келген сияқты. Телефонмен түсіндіріп көріп едім, әке сөздеріңіз тым қиын болып кетті. Түсінбей жатырмын деді. Барғанда айтып берем дедім. Өмір-ай!

"Недеген керемет есім, Алаш қайраткері Міржақып бабаңдай ұлтқа қызмет ететін бала болып өс" - деп ақ батасын беретін апа ғой...

Даналық пен парасаттылық тек жаспен келмейтініне тағы көз жеткіздім. Өкінішті-ақ...

Берік Сұлтанның facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 444
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 235
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 262
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 257