Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 4206 14 пікір 2 Қараша, 2018 сағат 12:39

120 сарбаздың Ливанға кетуі қауіпті сияқты

Қазақстанның 120 сарбазы Ливанға аттанды. Олар БҰҰ-ның негізінде бітімгерлік қызметін атқармақ. Үндістанның "Индбат" арнайы бөлімшесімен бірге, біздің жауынгерлер аса қауіпті аймақта атыс-шабыс болып кетпеуін қадағалайды. Аман қайтуын тілейміз!

Біздің бітімгерлік күштер біраз соғыс аймақтарына барып қайтты. Тәжікстандағы 1992-1997 жылдардағы соғыста болды. 1995 жылы, 7 сәуірде сарбаздарымызтау шатқалында қоршауда қалып, 17 жауынгер оққа ұшты. Жалпы жиынтығы Тәжікстанға он мыңға жуық жауынгер барып қайтты.

2003 жылы Иракта соғыс басталып, қазақ сарбаздары "Бағдат қайдасың" деп, тартып кетті. Бітімгерлік күштеріміз 6 миллионнан астам минаны тазалады, бір сарбаз қаза тапты.

Қазір де қазақтың қайсар жігіттері қара құрлықтағы қырқыста бітімгерлік қызметін атқарып жүр.

Алайда 120 сарбаздың Ливанға кетуі қауіптірек сияқты. Ливан террорлық топтардың бір ордасы, тұрақсыз, жан-жағын соғыс оты шарпыған, ал өзінде әне-міне тұтанайын деп тұрған мемлекет. 120 жігіттің бәрі сау қайтса игі. Солардың ішінде бір биік мінбердегі шенеуніктің баласы бар ма екен?! Ұлыбритания ханзадасы Ауғанстанға барып, талибтермен соғысып келді ғой...

Біздің дөкейлер өз балаларын ешқашан ондайға жібермес

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 418
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 227
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 252
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 238