Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
3020 0 пікір 13 Қараша, 2018 сағат 10:26

Түймебаев: облысқа 1,7 млрд. доллар инвестиция тартылатын болды

Түркістан облысына 1,7 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылады. Бұл туралы  Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді.    

«Жалпы, биыл облысқа 163,5 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Өңірдің инвестициялық-туристік тартымдылығын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Түркістан қаласында 1-ші «Көне Түркістан – Жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық және туристік форумы өтті.  Аталған форумға 17 шетелдік және отандық 500-ге жуық кәсіпкер қатысты. Нәтижесінде 17 келісімге қол қойылып, облыс экономикасына 1,7 млрд.АҚШ доллар көлемінде инвестиция тартылатын болды», - деді Ж.Түймебаев.

Түркістан облысы әкімдігі, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы және «Turkestan Invest» мекемелері бірлесіп жалпы құны 615 млн. АҚШ долларын құрайтын 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды қолға алды.  Бұл жоспар іс жүзінде орындалса, өңірде 3 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

«Еңбек» бағдарламасы аясында 65 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, бүгінде нақты  58 700 адам қамтылды.  7 953 адам кәсіптік және техникалық оқуға жолданған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1658
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1590
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1329
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1271