Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Билік 5066 0 пікір 24 Қазан, 2018 сағат 16:30

Үздік инновациялық жоба анықталды

 

Ағымдағы жылдың 24 қазан күні дәстүрлі «Zhastar Innovation» байқауының қорытындысы жарияланды. Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Ел-шежіре» қоғамдық қоры ұйымдастырған байқауға биыл 200-ге жуық жұмыстар келіп түскен. Олардың арасында өнертапқыш жастармен қоса бастауыш кәсіпкерлерде болды.

Жобаның негізгі мақсаты жастардың инновациялық белсенділігін арттырып, жаңа технология саласында маңызды жобалар жасап шығаруға бағытталған. Сондай-ақ инновациялық стартаптарына қолдау көрсетіп, ынталандыру. Үздік деп танылғанын өндіріске енгізу.

Жоба аясында кәсіби бизнес-жаттықтырушылармен тегін тренинг жүргізіліп,  жеті жетекші кәсіпкермен кездесу өткізілген.

Қорытынды кешке Алматы қаласының мәслихат депутаттары, бір топ кәсіпкерлер, студенттер және жоба қатысушылары қатысты. Барлық жұмыстарды саралай келе, қазылар алқасы «Tazalyk» жобасын жеңімпаз етіп таңдады. Байқаудың жалпы ұтыс қоры – 1 миллион теңге.

Ал, 2-ші орын жеңімпаздарына «Жаңа ұрпақ» Республикалық көшбасшылар мектебіне бір жылдық тегін оқу мүмкіндігі, 3-ші орын иегерлеріне Ілияс Батыров өзінің Қазақстандағы №1 ораторлар клубына үш айлық абономентке жолдама тарту етті. Сондай-ақ, жобалармен танысып, көңілінен шыққан әлеуметтік «Fortitude» жобасына "AssylTas" қоры да арнайы сыйлығын ұсынды.  «Fortitude» жобасы мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда өзін жат сезінбеуі үшін қолынан келгенше еңбек етіп өз табысын өздігінен табуда. Сол сияқты жұмыс жасауға ынталы мүмкіндігі шектеулі жастарды оқытып, өзгелермен тең дәрежеде қызмет етуіне жәрдемдеседі.  Қордың құрылтайшысы Нұржан Өкімбаев жобаны жасаған жастарға алғысын білдіріп, әрдайым көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді. Бұған қоса, жоба аясында білім алған Алмас есімді жігітті жұмысқа қабылдайтындарын айтты.

Жадыра Нармаханова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1968
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2314
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1897
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1560