Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
2611 4 пікір 24 Қазан, 2018 сағат 10:27

Sky News: журналист Хашоггидің денесінің бөлшектері табылды

Телеканал Sky News жеке дереккөзіне сілтеме жасап, Стамбұлдағы Сауд Арабиясының бас консулының үйінің бақшасынан сауд журналисі Жамаля Хашоггидің денесінің бөлшектері табылғанын хабарлады.

Sky дереккөзі денесі бірнеше бөлшекке бөлінгенін, беті бүлінгенін айтады.

Бұл ақпарат әзірге ресми нақтыланбады. Осыған дейін түрік баспасөзі саясаткер Догу Перинчекке сілтеме жасап, журналистің денесінің бөлшектері консул резиденциясының құдығында табылды деген. Бұл ақпарат та әзірге ресми түрде нақтыланбады.

Сауд Арабия тақ мұрагері Мұхаммедті сынға алып келген журналистің 2 қазанда Стамбұлда өлтірілгенін растады. Кінәлілер жауапқа тартылады деді. Бірақ журналистің өлімі арнайы операция нәтижесінде болған емес дейді.

Түркия президенті Режеп Ердоған сейсенбі күні парламентте сөйлеген сөзінде, журналистің өлімін "алдын ала ойластырылған саяси өлім" деп мәлімдеді. Ол айыптыларды жауапқа тартуға шақырды.

Батыс елдері болса Эр-Риядтың түсіндіргеніне қарамастан, қайғылы оқиғаны зерттеуді жалғастыруды талап етеді. АҚШ-та Сауд Арабиямен әріптестікті қайта қарау жөнінде айтылып жатыр.

Abai.kz

4 пікір