Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
46 - сөз 2523 1 пікір 23 Қазан, 2018 сағат 15:22

Жыл сайын жаңарған 160 ауыл болуы керек

Мирзиеев Өзбекстан билігіне келгеннен кейін өзбек еліндегі Манас атты ауылды тұтасымен адам танымастай етіп өзгертті. Жаңа жол, мектеп пен ауруxана, спорт залдарын салып, су тартып осы қадамы арқылы Өзбекстанды болашақта қандай жұмыстар күтіп тұрғанын өзбек xалқына сездіргісі келді.

Қазақстанда 160 аудан бар. Біздің табиғи байлық пен xалық санының өлшемін салыстырар болсақ жылына 160 аудандағы 160 ауылды ауыз сумен, замануи жолмен, жаңа мектеп пен мәдениет орталықтарымен қамтамасыз етуге әбден болады. Ол үшін 13 мың Болашакердің ішінен 160 талантты азаматты таңдап, жыл сайын жаңа 160 ауылға реформа жасап отыру керек.

Қазақстан xалқының 45% ауылда тұратынын ескерсек 5-6 жылдан кейін елдегі әлеуметтік жағдай мен дамудың шынайы көрінісін сезетін боламыз. Ешқандай ЭКСПО мен бітпейтін самиттердің қажеті жоқ. Жыл сайын 160 ауданда бизнесі өркендеп, жаңарған 160 жаңа ауыл болуы керек.

Егер де осыны жапондарға тән тиянақтылықпен істей алсақ, Қазақстандық дамудың көкесі сонда болар еді... Әттең үлкен мінберден пікір айтар бәсекелі саяси жүйе жоқ. Бәріміз бір кісінің аузына қарап отырған заманда өмір сүріп жатырмыз...

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1647
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1575
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1314
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1265