Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
46 - сөз 4702 13 пікір 23 Қазан, 2018 сағат 15:11

Ұлттық мемлекет құру әзірге мүмкін емес екен

"Бірде Салық пайғамбардың анасы Зағым құзғынды көріп:
– Әй, құзғын, төбең неліктен ақ? – деп сұрады.
– Мен Қабылдың Әбілді өлтіруіне себеп болдым. Бірде қасымдағы қарғаны көре алмай, қызғаныштан мерт қылдым. Жан-жағыма қарасам Қабыл мені бақылап отыр екен. Артынша барып інісі Әбілді таспен ұрып өлтірді. Алғаш зұлымдыққа бастау болғаныма өкінгендіктен төбемдегі жүнім түсіп қалды. Сол себепті таз болдым, – деді.
– Тұмсығың неге сары?
– Бірде ұжмақта өсетін запыран шөбін жедім. Ібіліс жұмаққа жасырынып кіргенде, ол шөпке заһарын шашқан екен. Аңдамай жегендіктен тұмсығым сарғайып кетті.
– Бауырың неліктен қара?
– Бірде ақымақтықпен құстарға жеті тозақтың үстін бұйым көрмей ұшып өтемін деп мақтандым. Қанаттарымды қомдап, тозаққа жете бергенімде лаулаған оты бауырым тиді. Зәре құтым қалмады. Дарақылығымның кесірінен бауырым қарайып кетті.
– Неге ұшқанда жан-жағыңа жалтақтап қарай бересің?
– Нұх пайғамбар жұмсағанда жемтікке қызығып кемеге оралмадым. Пайғамбардың ренішіне, Алланың наласына қалдым. Содан бері Құдайдың бәлесі қай жағымнан келіп қалады екен деп, жан-жағыма жалтақтап жүремін депті..."
Қазақ үшін бар зұлымдықтың бастауы болған "ақ", "қызыл" құзғынды кешіру мүмкін бе? Қазақтың тәнін тістелеп, жанын шұқып кеткен? Мүмкін емес! Ол құзғынды кешіру - өзіңді өшірумен бірдей!
Алаштың жүз жылдығын ұмытқандар, "құзғындардың" қызығын еске алыпты... Алматы әкімшілігі мен Мәдениет министрлігі қаржы бөліпті.
Е-е-x, бұлардан тізгінді алмай, ұлттық мемлекет құру әзірге мүмкін емес екен. Соны ұқтым.

Дина Елгезектің facebook парақшасынан

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1641
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1570
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1309
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1262