Жексенбі, 12 Мамыр 2024
2942 38 пікір 22 Қазан, 2018 сағат 11:06

Қ.Тоқаев бос мақтанды доғарып, мемлекет қаржысын үнемдеуге шақырды

Шенеуніктер енді көрпесіне қарай көсіліп, мемлекеттің ақшасын жөнсіз шашпауға тиіс. Ең үлкен джипті мініп, ең үлкен кабинетте отырмаса өзін қор сезінетін менталитеттен арылуы керек.

Жұмыс бабындағы сапармен Қарағанды облысына барған Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың атқамінерлері мен игі жақсылары жиналған басқосуда осы мәселені төтесінен қойды.

-Қаржы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталуы тиіс. Қаржыны үнемдеуге ерекше назар аударылуы қажет. Енді қымбат қызмет көліктері, жоғары лауазымды шенеуніктердің атшаптырым кабинеттері мен басқа да үстемдік көрсеткіштері көненің көзі секілді тарих қойнауына кететін кезі алыс емес ,- деді Сенат Төрағасы.

Солай болғай. Еуропаның талай жерінде болдық. Кабинеттері жұпыны ғана. Көліктері де қарапайым. Ал бізде жаңа обылыс, тіпті жаңа аудан ашылса, бар жұмыс сәулетті әкімшілік ғимаратынан басталады. Үнемшіл болу туралы өткенде Елбасы да айтты Жолдауында. Ендігі мәселе осы қарапайымдылық пен үнемшілдікті шенеуніктерден Сіз бен біздің талап етуімізге байланысты болмақ.

Әділбек Қаба

Abai.kz

38 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1953
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2226
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1831
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1543