Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 6698 10 пікір 16 Қазан, 2018 сағат 13:02

Қазақтың шапанын қырғыздан барып алған соң, несін айтасың...

Билік 30 жыл бойы халықты алдап-арбаумен келе жатыр.
Ақ патшам жыл сайын "айлық 10 пайызға көтеріледі, зейнетақы 10 пайызға көтеріледі" деп ақиқат пен аңыздан тұратын ертегісін жолдайды кеп, жолдайды кеп...
Сонда ол кісі доллардың құны айналдырған 2-3 айда 2-3 есе өсіп кеткенін, жол жүру ақысынан бастап, нан да, басқа да барлық азық-түлік, коммуналдық қызмет жылына 2-3 рет қымбаттап тұратынын шынымен білмей ме, әлде білсе де, білмегенси ме? Ақ патша биыл "көтерілсін" деген айлықтың мардымсыз пайыздық мөлшерін айлық көтерілмей тұрып, баяғыда инфляция жұтып қойғанын білмейді деп ойламаймын...
Енді айлық көтерілді дегенше, автоматты түрде бензиннен бастап, барлық дүние тағы қымбаттайды деген сөз. Тіпті, "одан да айлығымызды көтермей-ақ қойсын, айлық көтерілсе бітті, тағы да қымбатшылық жағаласып қатар келеді" деген күйінішті сөзді талай адамнан естідім.
Ата!
Халқыңыз айтады, "Айналайын ақ патшам, айлықты көтермесең көтерме, ренжімейміз, анау монополистердің аранын тыйып, барлық нәрсені қымбаттатуға жол бермей, тұрақты бағаны ұстап тұрыңызшы, соған күшіңіз жетсе, біз ырзамыз..." дейді.
Расында, қымбатшылық жайлаған, теңгесі уыс-уыс қағазға айналып бара жатқан елді қалай дамыған ел дейміз?
Кеше ғана Алатау асып, қырғыз еліне барып қайттым. Баға талай жылдан бері тұрақты, сомының ең үлкен купюрасы - 1000 сом сияқты, одан үлкен ақша көрмедім. Біз сияқты көрінген елге кіріптар боп, қарызға белшесінен батып отырған жоқ. Қағаз қала, тойыс, әйнек қала тұрғызбаса да, әр қырғыздың астында өздері шығаратын бір-бір автомобиль. Текстиль өндірісі қалай дамып кеткен десеңізші...

Қазақтың шапанын қырғыздан барып алған соң, несін айтасың...

Сәуле Әбілдаханқызының facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1043
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 924
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 686
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 777