Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
2849 0 пікір 8 Қазан, 2018 сағат 10:48

Сеулде қазақ күйлері күмбірледі

Сеул қаласында Азия мәдениеті халықаралық фестивалі өтті, деп хабарлайды Абай-ақпарат turkystan.kz-ге сілтеме жасап.

Шараға Оңтүстік Корея астанасында тұрып жатқан диаспора өкілдері қатысты. Сахнадан қытай, жапон, вьетнам, моңғол, филиппин және басқа ұлттардың ән-күйлері шырқалды. Біздің елдің атынан Кореяда оқып жатқан студенттер мен «Томирис» қазақ қоғамының мүшелері қатысты. Қазақстандықтар домбырамен ән айтып, күй шертіп, би билеп, жиналғандарды өнерлерімен тәнті етті. Айта кетейік, Сеулдегі «Томирис» қоғамы 2012 жылы құрылды. Қазір оның құрамында 50-ге жуық адам бар. Олар ұлтымыздың салт-дәстүрі мен тілін балаларына мирас етуде.

«Қазақстан дәстүрімізді енді басқа елде тұрсақ та көрсеткіміз келеді. Алыста болса да біз Қазақстан азаматтарымыз, сондықтан жүрегіміз қазақ деп соғып, осы жерде қазақ дәстүрін көрсеткенуге күш салып жүрміз»,- деді  «Томирис» қазақ қауымдастығының басшысы Назгүл Қарабаева.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1689
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1645
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1376
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1309