Сенбі, 4 Мамыр 2024
3336 1 пікір 5 Қазан, 2018 сағат 13:08

Келер жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданады

2019 жылы Қазақстанда «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

«Келесі жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылдау керек деп есептеймін. Ол заң мұғалімдерді және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерін ынталандыратын барлық тетіктерді қарастыруы керек. Жүктемені қысқартып, қызметтен тыс тексерістерден арылту керек. Тыңдаңыздар, мұғалімдерге бүгінгі таңда барлық жұмыс жүктеле береді. Сайлауды өткізетін - мұғалімдер, үгіт-насихатты жүргізетін - мұғалімдер, бір шаруаны атқару керек болса - мұғалімдер... Ол үшін ешкім де оларға ақша төлеп жатқан жоқ. Оларды бүл жүктемеден арылту керек. Олар сабаққа дайындалып, тиісті уақытында жұмыс істеуі керек. Тынымсыз тексерістер де бітпейді. Міне, заң осыларды тоқтату үшін керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік,бүгін  Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1149
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1052
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 785
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 906