Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3280 0 пікір 1 Сәуір, 2011 сағат 07:13

Әлемдік экономикалық және валюталық жүйенің жаңа конфигурациясы IV Астаналық экономикалық форумында және G20 Саммитінде талқыланады

АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылы қазанда Француз Республикасына жасаған ресми сапары Стратегиялық әріптестік туралы келісім рухында саяси диалогқа қарқын беріп, экономикалық ынтымақтастықта шеп бұзушылық нышан танытты.

АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылы қазанда Француз Республикасына жасаған ресми сапары Стратегиялық әріптестік туралы келісім рухында саяси диалогқа қарқын беріп, экономикалық ынтымақтастықта шеп бұзушылық нышан танытты.

Жылдан жылға екі елдің халықаралық аренадағы рөлі артып келеді және осының айқын айғағы аз емес. Ең алдымен, ол -  Астананың бастамаларына Париж әрқашан шынайы қолдау көрсеткен Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалығы. Батыс пен Мұсылмандық әлем арасында жанды көпір бола отырып, Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымының Сыртқы істер министрлерінің мәжілісінде төрағалық етуге әзірленуде. Және жиылыс араб мемлекеттері үшін туып отырған қиын бір кезеңге тап келуде. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі және Еуропалық Одақ жетекшілерінің бірі болып табылатын Франция Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы көршілес жатқан өңірлерді тұрақтандыру ісіне маңызды үлес қосуға тырысуда. Бір мезгілде Париж «Үлкен сегіздікте» (G8) және «Үлкен жиырмалықта» (G20) төрағалық рөл атқарады. Сөйте тұра Париждің іске асыруға ұсынып отырған бірқатар идеялары Қазақстанның Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен ұштасады. Атап айтқанда, әлемдік экономикалық және валюталық жүйенің жаңа конфигурациясы туралы әңгіме болып отыр. Аталған тақырып француз делегациясы қатысатын IV-ші Астана экономикалық форумында да, сондай-ақ Францияда жылдың аяғында өтетін G20 Саммитінде де талқыланады. Қазақстанның G8 елдерінің қару-жарақ пен жаппай қыру материалдарын таратуға қарсы ғаламдық әріптестікке қосылуы бөлек бір маңызды тақырып болып табылады.

Бүгінгі күрделі халықаралық контексте интенсивті саяси диалогтың, пікірлер және идеялармен алмасудың, бейбітшілікті, қауіпсіздікті, тұрақтылықты және дамуды нығайтуға бағытталған бастамаларды өзара қолдап, бірлесіп алға бастырудың қажеттігі барынша зәру болып отыр. Осы парадигмадан шыға отырып, Астана мен Париж сындарлы жұмыстарға көңіл қоюда. Елшілік орналасқан елдің көрнекті саяси қайраткерлерімен Қазақстанның Франциядағы елшісі Нұрлан Дәненовтың өткізген кездесулерінде осылар жөнінде сөз болды.

Біздің елді алғаш рет 2006 жылы барып көріп, оның дамуын жіті назарында ұстап отырған француз саясатының беделді ақсақалы, Франция Сенатының экс-спикері Кристиан Понселе Астананың халықаралық бастамаларын, сондай-ақ болып жатқан ішкі үдерісті оң бағалауда. Ол Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау қарсаңында міндетін атқарушы Мемлекет басшысының ашық та, адал, жасырғаны жоқ, әділетті демократиялық сайлау өткізуге шақыруын қошеметтеп құптады.

Сонымен бірге ол өз халқы тарапынан кеңінен қолдау тауып отырған және халықаралық аренада беделі бар Президент Н.Назарбаевтың жеңіске жететіне және де оның жаңа бесжылдық мандаты елдің қарқынды әлеуметтік-экономикалық және демократиялық даму курсын жалғастыратынына күмәнданбайды.

Франция Қазақстандағы президенттік сайлау барысын орасан зор көңіл қойып бақылауда. Ол туралы Ұлттық Ассамблеядағы «Франция-Қазақстан» парламентаралық достық тобының вице-төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы француз делегациясының басшысы Мишель Вуазэн мәлімдеді. Сонымен бірге ол біздің еліміздің өңірлік жетекші мен тұрақтылық мысалы ретіндегі абырой алуына мүмкіндік туғызып отырған Қазақстандағы сапалы әлеуметтік-экономикалық және демократиялық өзгерістерді атап өтті. ЕҚЫҰ ПА-ның бақылаушы миссиясының құрамындағы француз делегациясын Франция Парламентінің төменгі палатасының депутаты Эрик Раульт басқарады.

Өз кезегінде Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Кабинет директоры Эрве Ладсус француз тарапының халықаралық және өңірлік институттар шеңберінде Қазақстанмен тығыз және сындарлы ынтымақтастықты жалғастыратынына жеткізді. Париж Дүниежүзілік және дәстүрлі дін жетекшілерінің съезі және басқа да бастамалар саясаты арқылы жүргізіп отырған өркениет пен конфессиялар диалогын ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейде нығайту жөніндегі Астананың күш-жігерін қошеметтеп қарсы алады.

Бұрын Францияның Сыртқы істер министрі және мәдениет министрі қызметін атқарған, бүгінде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Филипп Дуст-Блази де Қазақстанның белсенді халықаралық қызметіне жоғары баға берді.

Жоғарыда аталған барлық саясатшылар мен басқа да француз мемлекеттік құрылым өкілдері Президент Н.Назарбаветың «Болашақты бірге құрамыз!» атты халыққа Жолдауының француз тіліне аударылған нұсқасының мазмұнымен қызығушылықпен танысты. Жуық арадағы 10 жылға Мемлекет басшысының айқындаған мақсат пен міндеттерінде біздің француздық әріптестер стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтып, кеңейту жолындағы көптеген мүмкіндіктерді көруде. Олар өзара сенім және ашықтық сипаттағы интенсивті саяси қарым-қатынастың жан-жақты, соның ішінде ең жаңа технологияларды пайдаланылатын басымды салаларда экономикалық әріптестік үшін мықты тіреу бола алатынымен қанағаттанарлық білдіреді.  Н.Назарбаев пен Н.Саркозидің арасындағы жеке достық байланыс жоғары өзара тиімді әрекеттесуді қолдаудың шешуші факторы болып табылады.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 569
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 294
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 316
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 328