Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
2586 0 пікір 13 Қыркүйек, 2018 сағат 12:07

2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет қандай болмақ?

????????????????????????????????????

Бүгін Мәжілісте Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері, сондай-ақ, Есеп комитеті 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке қатысты екі заң жобасын таныстырды.

Есептік құжаттардың таныстырылымы Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің отырысы шеңберінде Палата Төрағасының орынбасарлары Владимир Божко мен Гүлмира Исимбаеваның қатысуымен өтті.

Таныстырылымда Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Қаржы министрінің м.а. Берік Шолпанқұлов пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова баяндама жасады.

Отырыс барысында баяндамашылар депутаттардың қойған сұрақтарына жауап берді. Есепті одан әрі қарай талқылау Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов жетекшілік ететін жұмыс тобында жалғасатын болады.

«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша:

«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы 2019-2023 жылдарға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген және бюджеттің мұнайдан тәуелділігін төмендету бойынша үдемелі саясатты іске асыруды қамтиды.

Ұсынылған жобада Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында белгіленген салық - бюджет саясатының негізгі міндеттері, сондай-ақ әлеуметтік бағытты сақтай және күшейте отырып «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауларды берілген тапсырмаларды іске асыруды жалғастыру ескерілді.

Аталған көрсеткіштер негізінде 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет параметрлері келесідей:

Түсімдер: 2019 жылы – 9 751,3 млрд. теңге; 2020 жылы – 10 083,1 млрд. теңге; 2021 жылы – 10 491,2 млрд. теңге.

Шығыстар: 2019 жылы – 10 696,7 млрд. теңге; 2020 жылы – 11 080,8 млрд. теңге; 2021 жылы – 11 427,9 млрд. теңге.

Тапшылық: 2019 жылы – 945,4 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге қатысты 1,5%; 2020 жылы – 997,7 млрд. теңге ЖІӨ-ге қатысты 1,4%; 2021 жылы – 936,7 млрд. теңге ЖІӨ-ге қатысты 1,3%.

Республикалық бюджет шығыстарын келесідей бөлу ұсынылады. Әлеуметтік сала шығыстары 2019 жылы 463 млрд. теңгеге ұлғая отырып, 4 717,3 млрд. теңге көлемінде жоспарланды (2020 жылы – 5 176,5 млрд. теңге, 2021 жылы – 5 517,8 млрд. теңге). Экономиканың нақты секторын дамытуды қолдауға 2019 жылы 70,2 млрд. теңгеге өсе отырып 1 608,8 млрд. теңге қарастырылды (2020 жылы – 1 262,6 млрд. теңге, 2021 жылы – 1 121,1 млрд. теңге).

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын іске асыруға бюджет жобасында 102,5 млрд. теңге көзделген.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалауды таныстыру туралы:

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова ағымдағы жылы Есеп комитеті қорытындыны дайындауға жаңа тәсілдер қолданғанын атап өтті.

Олар елдің бес жылғы кезеңге арналған элеуметтік-экономикалық даму болжамын, сондай-ақ стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламалардың жобаларын бағалау жүзеге асырылды.

Н. Годунованың айтуынша, көрсетілген тәсілдерді пайдалану қаржылық тұрақтылыққа және мемлекеттің міндеттемелерін орындауға, сондай-ақ ұлттық индикаторларға, бағдарламалық құжаттардың көрсеткіштеріне тиімді қол жеткізу үшін орта мерзімді бағдарларды түзетуге ықпал ететін болады.

Есеп комитетінің Төрайымы талдаудың 10 бағыт бойынша жүргізілгені туралы депутаттарды хабардар етті. Мәселен, Қазақстан Республикасын индустриялық- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының, «Бизнестің жол картасы 2020» және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуы.

Бұдан басқа, АӨК-ні субсидиялау, халықты сумен жабдықтау және су бұрумен қамтамасыз ету, күндізгі мектептердің жеткіліктігін және жасақталуын қамтамасыз ету, студент жастардың жатақханаларда тұру жағдайын жақсарту, онкологиялық ауруларды төмендету, амбулаториялық деңгейде ТМККБК шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу, зерттеулер жүргізу сияқты бағыттар қамтылды.

«Үкімет дайындаған бюджет жобасында инвестициялық жобаларды жалпы «пулмен» немесе кейінге қалдыру шартымен қарау практикасы із жүзінде алып тасталды. Бұдан басқа бюджет жобасына берілетін материалдар кеңейтілген жэне егжей-тегжейлі ұсынылған. Бұл сапалы бюджеттік шешімдер қабылдауға және бюджет саласындағы ашықтықты арттыруға әкелді»,- деді ол.

Сонымен қатар Есеп комитеті Төрайымының айтуынша, бюджет шығыстарын жоспарлау сапасын және тиімділігін арттыру үшін кемшіліктер мен резервтер анықталды.

Атап айтқанда, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің және бюджет тапшылығы бойынша шектеулердің шекті мәні арттырылған. Үш жылғы бюджет жобасын қалыптастыру кезінде бюджеттік параметрлер бойынша белгіленген орта мерзімді бағдарлар 1 трлн, теңгеге сақталмаған.

Бұдан басқа, 2019-2021 жылдары жергілікті атқарушы органдардың көзделген іс-шараларды іске асыруға дайын болмауынан мемлекеттік жэне үкіметтік бағдарламалар шеңберінде бюджеттік инвестицияларды 45%-ға төмендету қарастырылуда. Наталья Годунова сөзін қорытындылай келе бағалаудың қорытындысы бойынша басымырақ жобаларға қайта бөлуге тиімсіз жоспарланған шығыстар ретінде 620 млрд. теңге ұсынылғанын, оның 309 млрд. теңгесін Үкімет ескергенін атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 519
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 274
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 294
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 294