Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3265 0 пікір 30 Наурыз, 2011 сағат 03:12

Полицейлер павлодарлықтардың автокөліктерінен пневматикалық және газ тапаншаларын, шоқпарлар мен биталарды тәркіледі

ПАВЛОДАР. 30 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, жол полициясы мен «СОБР» арнайы бөлімшесінің қызметкерлерінен құралған жедел әрекет ету отряды облыс орталығында түнгі тексеріс жұмыстарын жүргізді,деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Түнгі клубтар мен жастардың көптеп жиналатын орындарды тексеру барысында 500-ден астам автокөлік тексерілді, оның 24-і - құжатсыз, мас және есірткіге елтіген күйінде басқарылғаны үшін айып тұрағына қойылды. Оларды тексекру барысында пневматикалық және газ тапаншаларын, шоқпарлар мен биталарды тәркіледі.

Облыс орталығының 26 жасар тұрғынына тиесілі БМВ автокөлігін тексеру кезінде жүк салғышында құжаттары жоқ АК-74 пневматикалық автомат тәркіленді. 18 жастағы жас жігіттің «Тойота» автокөлігінде пневаматикалық тапанша, ал 22 жасар қала тұрғынының «Мерседес» автокөлігінде «Байкал» тапаншасы тәркіленді.

Тәркіленген барлық қару сараптамаға жіберілді.

0 пікір