Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Билік 3806 0 пікір 21 Қыркүйек, 2018 сағат 15:12

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің отырысы өтті

21 қыркүйек күні ҚРКФ Төрағасы Бақытжан Әбдірайымның төрағалығымен ҚР Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Отырыста Федерация қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері қарастырылды.

Атқару комитетінің мүшелері «Қазақстандық «YNTYMAQ» орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіруі туралы шешім қабылдады.

Түркістан облысының құрылуына және Шымкент қаласының республикалық мәнге ие қала мәртебесіне ие болуына байланысты «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің атауын «Шымкент қаласының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне өзгерту және «Түркістан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігін құру туралы мәселелер қаралды.

Атқару комитетіне қатысушылар ҚР Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV-съезіне дайындық және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты тыңдады.

Атқару комитетінің мүшелері ҚРКФ Жарғысы жобасына, Тексеру комиссиясы туралы ереже жобасына және оның құрамына өзгерістер мен ұсыныстарды қарастырды және осы мәселелерді ҚР Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV-съезінде қарастыру туралы шешім қабылдады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1537
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1408
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1155
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1162