Сенбі, 4 Мамыр 2024
Билік 2423 0 пікір 18 Қыркүйек, 2018 сағат 14:55

Дархан Кәлетаев Қоғамдық кеңес жұмысына қатысты

17 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңес жұмысына ҚР қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, Қоғамдық кеңес төрағасы Төлеутай Сүлейменов, ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сейдуманов, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, министрліктің және комитеттердің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты, — деп хабарлайды Абай-ақпарат ҚР Қоғамдық аму министрлігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қоғамдық кеңес отырысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды, атап айтқанда, министрліктің атауының өзгеруіне байланысты консультативтік-кеңесші органның атауы Қазақстан Республикасының қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңес болып өзгертілді. Сондай-ақ, күн тәртібінде Кеңес құрамынан шыққан Қоғамдық кеңес мүшелерінің орнына сайлау өткізу және кейбір нормативтік-құқықтық актілерге өзерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қарастырылды.

Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев өз сөзінде Қоғамдық кеңестің мемлекеттік басқарудағы институт ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, кеңес құрамын кеңейтуді ұсынды. Министрдің айтуынша, Министрлікке берілген қосымша өкілеттіліктерге байланысты, отбасылық саясат мәселелеріне сарапшылар тарту, диаспоралармен және басқа да жаңа бағыттар бойынша жұмыстарды жүзеге асыру қажеттілігі туындайды.

Дархан Кәлетаев Министрлік құрылымындағы өзгерістерге толығырақ тоқталды. Атап айтқанда, Қоғамдық жаңғырту департаментінің, Қоғамдық келісім, Жастар және отбасы істері комитетінің құрылғандығы туралы айтты. Бұдан бөлек, министр ведомствоға бағынысты ұйымдарға қатысты өзінің пікірімен және ұзақ мерзімді жоспарлары туралы ой бөлісті.

Кеңес барысында қатысушылар Кеңес құрамынан шыққан Қоғамдық кеңес мүшелерінің орнына, олардың қалған өкілеттілік мерзіміне сайлау өткізуді жариялау туралы шешім қабылдады және қарауға шығарылған нормативтік-құқықтық актілер талқыланды. Қоғамдық кеңестің шешімдері қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданды және арнайы хаттамамен бекітілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1100
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 995
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 729
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 846