Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3320 0 пікір 29 Наурыз, 2011 сағат 03:44

«Орыс баласы домбыра іздеп жүр» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 29 наурыз, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Сұбханбердинді қабылдады», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Басылымның атап өтуінше, Н.Сұбханбердин Президентке «Қазком­мерц­банк» АҚ даму қарқыны туралы баян­дады және қаржы дағдарысы жағдайында банктерге, шағын және орта бизнеске ай­тар­лықтай қаржылық көмек көрсетуге мүм­кін­дік туғызған шешімді шаралар қабыл­да­ғаны үшін алғысын айтты. Кездесу кезінде сондай-ақ қазақстандық компаниялардың шикізаттық емес сек­тор­дағы борыш ауыртпалығын төмендету тура­лы әңгіме қозғалды.

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 29 наурыз, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Сұбханбердинді қабылдады», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Басылымның атап өтуінше, Н.Сұбханбердин Президентке «Қазком­мерц­банк» АҚ даму қарқыны туралы баян­дады және қаржы дағдарысы жағдайында банктерге, шағын және орта бизнеске ай­тар­лықтай қаржылық көмек көрсетуге мүм­кін­дік туғызған шешімді шаралар қабыл­да­ғаны үшін алғысын айтты. Кездесу кезінде сондай-ақ қазақстандық компаниялардың шикізаттық емес сек­тор­дағы борыш ауыртпалығын төмендету тура­лы әңгіме қозғалды.

Дәл қазір бүкіл еліміз аса бір жауапты белестің алдында тұр. Ол белестен біз алдағы жексенбіде - 3 сәуірде өтеміз. Осы жайт «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Дауыс беру - азаматтық парыз» деген мақалаға арқау болған. «Менің дауысым не өзгерте қояды дейсің, басқалар барады ғой, солар дауысын береді ғой, мәселе дұрыс шешіледі ғой деп немқұрайдылыққа са­лы­нар болсақ, өзіміздің  қо­лы­мызға тиіп тұрған мүм­кін­діктен енжарлығымыз үшін ғана айырылар болсақ, мұның өзі елдігімізге бір сын. Ел ісіне араласу, мемлекет  бола­ша­ғының тағдырын шешу, соған ықпал жасау біздің бәрімізге тәуелсіздік беріп тұрған сый­дың бірі», - деп жазады мақала авторы Қызылорда облыстық қаржы басқармасының бастығы Мұрат Ергешбаев.

***

Кеше Сыртқы істер министрлігінде 2009 - 2012 жылдарға арналған адам құқы жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарының жүзеге асуы барысын талқылаған дөңгелек үстел өтті. Осыған орай «Айқын» газетінде «Он үш мың адам бостандыққа шығады» деген тақырыппен мақала басылды. Басылымның атап өтуінше, адам құқын қорғау мәселесіне бейжай қарай алмайтын ведомстволар, ҮЕҰ және дипмиссия өкілдері қатысқан басқосуда алдағы уақытта елімізде жазасын өтеп жатқан 13 мыңдай адамның бостандыққа шығатыны айтылған. ҚР Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель босатылады деген 13 мыңға жуық адамның 2200-і бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтар екен. Ал 10600-і - бас бостандығынан айыру жазасына қатысты емес сотталғандар.

Осы басылымның дәстүрлі «Ақ сөйле!» айдарында әлемдік дәрежедегі халық емшісі Сайлаухан Әуелбаевамен арадағы сұхбат «Халық медицинасының онкологиялық ауруларды түп-тамырымен жоюына қауқары бар» деген тақырыппен берілген. Басылым тілшісінің барлық сауалдарына тұщымды жауап берген ол: «Халық медицинасының арнайы диагностикалық орталықтары шетелде бар. Қазақстанда әзірге мұндай тәжірибе жоқ. Көрші Қытайда да бұл шаруа өте жақсы дамыған. Бізде жоқ, бірақ болса бір халық медицинасы емес, жалпы, ел медицинасын дамытудағы үлкен серпін болар еді. Халық медицинасының диагностикасы дәстүрлі медицинаға қарағанда, әрі тиімді, әрі сапалы, әрі артық уақыт және қаражат шығынын қажет етпейді», - дейді.

***

«Ол қырықтан астам шығарманы киелі домбырамен нақышына келтіре орындайды. Оның ішінде құдіретті қазақ күйлері, әуезді әндері де бар. Бірақ бойындағы бар талантты қалың жұртқа паш еткізуге қауқары болғанымен, қолы қазақтың бір домбырасына жетпей жүр! Төкпе күйді төгілтіп, шертпе күйді шегіне жеткізе шертуге Мишаның арнайы концертке арналған аспабы жоқ», - деп жазады «Алаш айнасы» газеті. Жазылған дүниеге арқау болған, қазақтың киелі қара домбырасын жанына серік еткен Михаил Глазырин жайында оқып-білгіңіз келсе, «Орыс баласы домбыра іздеп жүр» деген тақырыппен берілген мақалаға көз салыңыз.

«Қазақ футболы УЕФА-дан Азияға оралуы мүмкін». «Алаш айнасы» газетінің жазуынша, бұл жайында кеше Мәжілістегі халық қалаулыларының алдында былтыр атқарылған жұмыстар мен алдағы алар асулар жайында есептік баяндама жасаған ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мәлім еткен. «Қазақстанның футболы баяғыдан әлсіз. Бұл - саяси-бұқаралық спорт түрі, сондықтан баса назар аударамыз. Қаржы жұтылып жатыр, алайда нәтиже жоқ. Бұл ретте мен алдағы уақытта қазақтың футболы Еуропада емес, Азия құрлығында ойналғанын қалаймын. Сонда ғана біз ұдайы жеңіле бермей, кейбір матчты ұтуға, тіпті 1-орыннан 5 орынға дейінгі аралықта таласуға мүмкіндік алар едік», - депті министр.

***

«Астана ақшамы» газетінің хабарлауынша, Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов интернет пайдалаушыларды Twitter, Facebook, сондай-ақ,  On.kz және Ilike.kz  әлеуметтік желілеріндегі өзінің ресми аккаунттарына шақырады. «Мен Twitter, Facebook-та,  қазақстандық On.kz және Ilike.kz әлеуметтік желілерінде өз беттерімді ашып алдым. Мен әлеуметтік желілердегі бұл беттерді бүкіл әлемдегі және Қазақстандағы азаматтармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі ретінде қарастырамын. Мен сіздермен диалогқа шыққаныма қуаныштымын. Маған қосылыңыздар!», - деп жазыпты өз блогында К.Мәсімов.

 

0 пікір