Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Енді қайттік?.. 3954 4 пікір 21 Қыркүйек, 2018 сағат 10:17

Балалар ойнайтын аула маңына жолаушы көлігін жүргізуге болмайды, Қырымбек мырза!

Қызылорданың қоғамдық көлігінің қызметіне қатысты жолаушылардың өкпе-реніші туралы материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында бұдан бұрын да талай рет жазылған болатын. Себебі біз өркениетті ел болуға ұмтылып жатқандықтан бұл мәселе заң жүзінде қоғамдық пікірдің негізінде реттелуі керек. Бірақ, өкінішке орай, біз сол өркениет көшінен біршама қалыс келе жатқан жайымыз бар.

Жуырда мен облыс әкімінің сайтына арнайы хат жаздым. Онда былай делінген еді. «Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Қызылордалықтар Сіздің жолаушылар тасымалдауды жақсарту мақсатында жаңа автобустар әкелгеніңізді жақсы біледі және оны зор қуанышпен қарсы алды. Алайда банк несиесіне алынған сол автобустардың ақшасын қайтару қиынға соғып, ол жолаушылардың жолпұлын өсіру есебінен өтеліп жатқанын Сіз де білесіз деп ойлаймын.

Жуырда үлкен Жібек жолы көшесінен №5 «Газель» шағын автобусын «Сырдария» шағын ауданының көпқабатты үйлерінің, тар көшелерінің арасынан жүргізіп қойды. Бұған халықтың бірі риза, көпшілігі наразы. Әркім үйінің тап қасынан көлікке отырады. Мұндай «өркениет» қайда бар?! «Газельдер» лық толы, бір-бірімен жарысып жүреді. Оның үстіне олар бас-көзіне қарамай жылдам жүретіндіктен балаларға қауіпті. «Газельдердің» рентабельділігі – 300%! Жібек жолында жүрген Сіз әкелген автобустардың несібесін солар сыпырып алып жатыр.

Мен бұл мәселені бұрын да көтергенмін. Нәтиже жоқ. Ақша жүрген жерде біреулердің мүддесі бар сияқты. Сондықтан, Құрметті Қырымбек Елеуұлы! «Газельдерді» шеткі аймақтарға шығару керек! Автобусқа 100-200 метр жаяу жүріп мінгенге ешкімнің ештеңесі кетпейді. Қайталап айтамын, №5 маршрут «Газельдерінің» рентабельділігі – 300%. Себебі жолпұлды 90 теңгеге көтеру ең алдымен жеке «Газельдерге» тиімді болып шықты. Олар жүргіншілерге билет кеспейді, кез келген жерге тоқтайды.

Сізді оңтайлы шешім қабылдайды деп сенемін. Себебі ол келешекте бюджетімізді әлдеқайда тосын жағдайлардан сақтандыратын сенімді кепілі болып табылады».

Облыс әкімінің облыс аумағындағы мың түйткілді мәселені шешуге уақыты болмайтын шығар деп, бұл мәселені қала әкімінің назарына да салуды жөн көрдік.

Өйткені қала әкімінің атына редакция арқылы Марғұлан көшесінің тұрғындары да шағым білдіріп отыр.

«Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы! Біз, Қызылорда қаласы, Ә.Марғұлан көшесінің тұрғындары өткен 2017 жылы жергілікті полицияға көшенің тарлығын айтып, машиналардың жүрісін азайту үшін қозғалысты бір бағытта жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде өтініш білдірген едік. 

Қазір ұзындығы 300 метр көшенің бойымен №5 маршруттың «Газельдері» жүреді.  Жол тар. Тарлығына қарамастан машиналар бір-бірімен жарысады. Балаларға, жүргіншілерге қауіпті. Сол өтініш арызымыздан ештеңе шықпады. Полиция қызметкерлері келіп, әрнәрсені сылтауратты. Үлкен көшеге жақын көпқабатты үйлердің  балалар ойнайтын ауласынан жолаушы газелін жіберу қай мемлекеттің, қай қаланың тәжірибесінде бар? Сонда әркім өз үйінің тап қасынан қоғамдық көлікке отыруы керек пе? Осы маршрутты үлкен жолға – Жібек жолына қайта жіберу керек. Бұл төтенше жағдайды болдырмаудың бір жолы болып табылады».

Барлығы он адам қол қойған.

Қызылордалықтар қалаға жаңа автобустар келгенде қуанды. Енді оларды сақтап қалу проблемаға айналып отыр. Оның үстіне олар ескіре бастады. Ал бұл мәселені оңтайлы шешу биыл қаланың 200 жылдық мерейтойын өткізгелі жатқан облыс, қала басшыларына жарасымды болар еді.

Облыс орталығындағы көлік қатынасының мәдениеті де артар еді.

Ж.Әлмахан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2166
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1788
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1534